306
БАЛАМАСЫ ЖОҚ БАҒДАРЛАМА
БАЛАМАСЫ ЖОҚ БАҒДАРЛАМА
Отандық өнертапқыштар жеке ақпаратты хакерлерден 100 пайыз қорғайтын бағдарлама ойлап тапты. Дербес деректі толықтай қорғайтын бұл технология жеке тұлғаға берілген сандық қолтаңбаны пайдалана отырып, шифрланған деректер мен хабарлардың түпнұсқасын сақтап әрі тексеруге мүмкіндік береді. Бастысы, қолдану кезінде криптографиялық кілттер құпия түрінде болуы тиіс. Бұл күн сайын ұялы телефонның аккаунтын бұзуға дайын тұратын әккілерге арналған қарсы құрал дейді өнертапқыштар.
Ақпараттық қоғамда әлемнің ірі компаниялары дәл осындай жаңа бағдарламаға тәуелді. Криптографиялық алгоритмді құрастырған 18 жасар Тимур Рысбеков Алматы қаласының тұрғыны. Әріптесі Влад Волонский екеуі бағдарламаға жүктелген 5 файлдың бірін кімде-кім бұзса, 5 мың АҚШ долларын сыйақы ретінде табыстаймыз деп отыр. ТМД-ның алдыңғы қатарлы IT саласының мамандары да бұл бағдарламаның осал тұсын таба алмапты. Әйгілі Гугл компаниясының алдын орап кеткен қазақстандықтардың бұл жобасына Канаданың әскерилері мен Америка Құрама Штатынан да қызығушылық танытып отырғандар бар көрінеді. Өнертапқыштар қазіргі таңда аустралиялық тау-кен өндірісімен айналысатын компаниямен келісім жүргізуде. Тіпті, болашақта ел кәсіпкерлері қызығушылық танытып қаржы құймаса, жоба шетелдік компанияға сатылуы мүмкін.