Мими рөліндегі Мария

Мими рөліндегі Мария

Мими рөліндегі Мария
ашық дереккөзі
368
«Астана Опера» театрының солисі Мария Мудряк Ресейдің әйгілі Үлкен театры сахнасында алғаш рет өнер көрсетті. Әртіс Джакомо Пуччинидің «Богема» операсының премьерасында Мими бас партиясын орындады. Мимидің ғашығы – Рудольфтың рөлін «ЭКСПО-2017» бағдарламасы аясында «Астана Опера» театрының сахнасында өткен Пласидо Домингоның «Опералия» халықаралық опера әншілерінің байқауында Мария Мудрякпен бірге лауреат атанған итальяндық тенор Давиде Джусти сомдады. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Жан-Роман Весперини (Франция), қоюшы-дирижері – Эван Роджистер (АҚШ). Сценограф – Бруно де Лавенер.  Операны жасауға халықаралық команда атсалысты. Жаңа сахналық нұсқа автор – ұлы композитор Джакомо Пуччинидің 160 жылдығына орайластырылған.  «Мими партиясындағы Мария Мудряк – өткен опера маусымындағы жеке-дара үлкен құбылыс. Ғажап дауыс. Жігерлі, өте әдемі, терең тынысты дауыс әрі тап-таза дауыс ырғағын ақылмен бақылауға бағындырған. Сонымен бірге 24 жасар әнші қиялға бергісіз көркем де сұлу, бұл оның кейіпкеріне ерекше сүйкімділік пен кинематографиялық шыншылдық бере түседі», – деп жазды  «Московский комсомолец» басылымында сыншы әрі журналист Екатерина Кретова. Қазақстандық опера әншісінің орындаушылығына өнерсүйер қауым да дән ризашылығын білдірген.

Серіктес жаңалықтары