Өртті сөндіруге 150-ге жуық адам мен 18 техника жұмылдырылды

Өртті сөндіруге 150-ге жуық адам мен 18 техника жұмылдырылды

Өртті сөндіруге 150-ге жуық адам мен 18 техника жұмылдырылды
ашық дереккөзі
291
Жамбыл облысының құтқарушылары екі тәуліктен бері өртпен арпалысып жатыр. Тілсіз жау Қырғызстанның таулы аймағынан басталып, Жамбыл ауданындағы тау бөктеріне дейін жеткен, деп хабарлайды Хабар 24. Естеріңізге сала кетсек, 5 тамыз күні түс ауа Ақыртас ауылдық округіндегі құрғақ шөптің тұтануынан қызыл жалын 200 гектар таулы аймақты шарпыған болатын. Өртті сөндіруге 150-ге жуық адам мен 18 техника жұмылдырылды. Арасында ерікті өрт сөндірушілер де бар. Сондай-ақ Алматыдан «Қазавиақұтқару» мекемесінің су құятын құрылғысы бар МИ-171 тікұшағы келіп, өрт шыққан аумаққа су бүркіп жатыр. Өкінішке қарай, осы өрт кезінде Ақыртөбе орман шаруашылығының орманшы-қорықшысы Асылбек Алтаев есімді 46 жастағы азамат жартастан құлап ажал құшты.

Серіктес жаңалықтары