411
Филиппинде мұсылмандар тұратын аймақ автономия болып құрылды
Филиппинде мұсылмандар тұратын аймақ автономия болып құрылды
Филиппинде елу жылға созылған жанжал шешілді. Ел президенті Родриго Дутерте мұсылмандар тұратын аймаққа автономия беретін заң нұсқасын осы аймақтың басшыларына тапсырды. Бұл заң Бангсаморо автономиялық аймағының құрылуына жол ашты, деп хабарлайды 24.kz.
Филиппин халқының басым көпшілігі – католиктер. Елдегі 5 миллион мұсылман негізінен оңтүстіктегі Минданао аралын қоныстанған. Экономикалық жағынан артта қалған, табысы мен сауаттылық деңгейі өзге елдерден төмен бұл аймақта дербестік үшін күрес елу жылға созылған. Қарулы қақтығыста 120 мың адам қаза тауып, миллиондаған адам өзге жерге бас сауғалауға мәжбүр болған еді.
«Мұсылмандық Минданаодағы Бангсаморо аймағының автономиясы жөнінде заңға қол қойдым. Бұл ондаған жылға созылған жанжалды тоқтатады деген үміттемін»,- деді Филиппин президенті Родриго Дутерте .