сенбі, 19 сәуір, 2025

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстан үшінші мәрте жеңіске жетті

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстан үшінші мәрте жеңіске жетті
ашық дереккөзі
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстан үшінші мәрте жеңіске жетті Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) кәсіпқой бокста үшінші мәрте рингке шықты, деп хабарлайды Sports.kz. Данияр Кардиффтегі (Уэльс) Ice Arena Wales алаңында мажарстандық Габор Горбичті (24-11, 14 КО) жеңді. Алты раундқа жоспарланған жартылай орта салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Данияр барлық төрешінің ортақ дауысымен жеңіске жетті. Бұл Даниярдың кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісі. Ал қарсыласы осымен 12 мәрте жеңілістің ащы дәмін татты. Еске сала кетсек, Д.Елеусінов 28 сәуірде профи-рингте алғаш рет қолғап түйістірді, ол жолы боксшы америкалық Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кейін 6 маусымда Лондонда мажарлық Золтан Шабоны (25-12, 11 КО) ұтты.  
Бөлісу: