Тірі қуыршақ атанған – Джейр

Тірі қуыршақ атанған – Джейр

Тірі қуыршақ атанған – Джейр
ашық дереккөзі

Жақында фотограф Мофе Бамуива өзінің «Instagram» парақшасында Джэйр есімді кішкентай қыздың суреттерін жариялады. Бес жасар арудың қуыршақтай бейнесі желі қолданушыларын әп сәтте таң қалдырып, әлемдік БАҚ өкілдерінің назарына ілінді. Он шақты күннің ішінде Джейр мен фотограф Бамуиваның танымалдығы күрт артты. Оған табиғи сұлулықпен қатар, бүлдіршінің моделдік тәжірибесі жоқ болғандығы себеп екен. Фотографтың өзі дәл осылай айтты. Джэйр камера алдында өзін еркін ұстап, объективке тіке қараған. Оның көлемді шашы мен көз жанары сырт көзді өзіне бірден баурайды. Ал «тірі қуыршаққа» таңданған желі қолданушылары Мофенің фотошоп қолдануы мүмкін екенін айтып, тіпті, жасанды шаш кигізіп қойған деп күмәнданған. Бірақ Мофе Бамуива кәсіби фотограф екенін кейбір мамандар айтып бағуда. Осы бір танымалдықты пайдаланып фотограф қыздың анасына әлеуметтік желілерден парақша ашуды ұсынған екен. Бірнеше күннің ішінде Джейр мен әпкелерінің парақшасына 85 мыңнан астам оқырман тіркеліп үлгерген.