ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін өтініштер қабылданып жатыр

ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін өтініштер қабылданып жатыр

ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін өтініштер қабылданып жатыр
ашық дереккөзі
339
Қазақстанда ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін өтініштер қабылданып жатыр.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына» сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы №196 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) шекті балды алмаған, нәтижелері жойылған түсушілер және ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) және кешенді тестілеуге (бұдан әрі – КТ) қатыспаған адамдарға ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін 2018 жылдың 15-19 тамыз аралығында қайта ҰБТ және КТ өткізіледі. Ұлттық тестілеу орталығы хабарлағандай, қайта ҰБТ және КТ қатысу үшін өтініштерді қабылдау ағымдағы жылғы 25 шілде мен 3 тамыз аралығында ЖОО-лардың қабылдау комиссияларында жүргізіледі. Қайта ҰБТ және КТ түсушілердің қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша өткізіледі. Қайта ҰБТ және КТ ағылшын тілінде тапсырушылар «Қазақстан тарихы» пәнін өз қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырады. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсу үшін колледж бітірушілері қайта ҰБТ және КТ өз қалауымен қазақ немесе орыс тілінде жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша тапсырады. Тестілеуге қатысуға өтініш беру үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттарды ұсыну қажет: - Бекітілген формадағы бланктегі өтініш; - Жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа); - Тестілеуді өткізу үшін төленгені туралы түбіртек; - 3x4 көлеміндегі 2 фотосурет; -  Медициналық анықтама; - Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Тестілеуге қатысу үшін төлем 2242 теңгені құрайды және төлемді талапкерлер Қазпошта немесе Халық банкінің бөлімшелері арқылы төлей алады. Ол үшін көрсетілген реквизит арқылы төлеп, түбіртекте «Кешенді тестілеу тапсыру үшін» деп көрсету керек.

Серіктес жаңалықтары