255
Тау жыныстарының астында қалған экскаваторшы жігіт қайтыс болды
Тау жыныстарының астында қалған экскаваторшы жігіт қайтыс болды
Ақмола облысында тау жыныстарының астында қалған экскаваторшы жігіт өткен түні қайтыс болды.
Естеріңізге сала кетейік, 21 шілде күні таңертеңгі сағат 8 шамасында «Алтын-тау Көкшетау» кәсіпорны аумағында экскаватордың үстіне тау тастары құлап кеткен болатын. Құтқару жұмыстары қиынға соққандықтан экскаваторшыға 12 сағаттай тау жыныстарының астында жатуға тура келді. Ауыр соққыдан езіліп кеткен аяқтарын дәрігерлер кесіп тастауға мәжбүр болды. Осыдан кейін ол бір аптадан астам уақыт хал үстінде жатты.
Айта кетейік, 25 жастағы Мадияр Төлеубеков, жақында ғана үйленген болатын.