318
Қазақстандықтар 19 елге виза рәсімдемей-ақ бара алады
Қазақстандықтар 19 елге виза рәсімдемей-ақ бара алады
Қазақстандықтар 19 елге виза рәсімдемей-ақ бара алады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ҚазАқпараттың жолдаған ресми сауалына жауап бере отырып, хабарлады.
«Қазақстан ұлттық жалпы азаматтық төлқұжат иелері үшін визалық талаптардан босату туралы 20 елмен екіжақты келісімдерге қол қойды», - делінген ведомствоның жауабында.
Атап айтқанда, оларға мына елдер кіреді:
- Әзербайжан (30 тәулікке дейін);
- Аргентина (30 тәулікке дейін);
- Армения (90 тәулікке дейін);
- Беларусь (90 тәулікке дейін);
- Бразилия (30 тәулікке дейін);
- Гонконг (14 тәулікке дейін);
- Грузия (90 тәулікке дейін);
- Корея (30 тәулікке дейін);
- Куба (30 тәулікке дейін) - күшіне енген жоқ;
- Қырғызстан (90 тәулікке дейін);
- Молдова (90 тәулікке дейін);
- Моңғолия (90 тәулікке дейін);
- Ресей (90 тәулікке дейін);
- Тәжікстан (30 тәулікке дейін);
- Өзбекстан (30 тәулікке дейін);
- Украина (90 тәулікке дейін);
- Сербия (30 тәулікке дейін);
- Түркия (30 тәулікке дейін);
- Эквадор (30 тәулікке дейін);
- БАӘ (30 тәулікке дейін).