Жерорта теңізінде суда Еуропаға бармақшы болған 1,5 мың адам қаза тапқан

Жерорта теңізінде суда Еуропаға бармақшы болған 1,5 мың адам қаза тапқан

Жерорта теңізінде суда Еуропаға бармақшы болған 1,5 мың адам қаза тапқан
ашық дереккөзі
Жыл басынан бері Жерорта теңізінде суда Еуропаға бармақшы болған 1,5 мың адам қаза тапқан. Мұндай деректерді Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) жұма күні жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі. «ХКҰ-ның «Із-түзсіз жоғалған мигранттар» жобасы 2018 жылы Жерорта теңізін кесіп өтпек болған 1 504 ер адам, әйелдер мен балалардың мерт болғанын құжаттандырды. Олардың жартысынан көбі 1 маусымнан бері қаза тапқан», - деп атап өтті ұйым. ХКҰ-ның дерегі бойынша, жыл басынан бері 25 шілдеге дейінгі кезеңде Еуроодақ теңіз жолдарына 55 мың мигрант пен босқын жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе аз. Былтыр Еуропа аумағына 111 мың адам қоныстанған. Мигранттардың басым бөлігін Испания қабылдаған (20 992 адам). Екінші орында Италия (18 130) тұр. Одан кейін Грекияға 15 528 адам барса, Мальтаға 243 мигрант жүзіп жеткен.