889
КӨК ШЕГІРТКЕ ҚАУІП ТУДЫРМАЙДЫ
КӨК ШЕГІРТКЕ ҚАУІП ТУДЫРМАЙДЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрайымы А.Қажыбекова ағымдағы жылы үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізілген іс-шаралардың барысы туралы хабарлама жасады. Аса қауіпті зиянды жәндіктермен күрес жөніндегі қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 3,57 миллиард теңге бөлінді. Оның 1,3 миллиард теңгесі – үйірлі шегірткемен күресуге жұмсалады. Қорғаныс іс-шараларын жүргізуге 540 бүріккіш техникалар (37 ұшақ, 31 жеңіл авиация, 33 аэрозольді генераторлар), тағы басқа арнайы құрылғылар бар.