Жауын астындағы Жапония

Жауын астындағы Жапония

Жауын астындағы Жапония
ашық дереккөзі
Жапонияда нөсер жауын мен одан туындаған көшкіндердің салдарынан 216 адам құрбан болды. Тағы ондаған адам із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Бұл туралы жексенбі күні елдің полиция қызметі мәлім етті. Жергілікті шұғыл қызмет өкілдері полиция мен Қорғаныс министрлігі әскерлерінің көмегімен іздестіру және құтқару операцияларын жалғастыруда. Табиғат апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін Жапонияның батыс өңіріне елдің түкпір-түкпірінен мыңдаған еріктілер жиналды. Жапонияда 160 үй түгелдей жойылған, 700-ге жуық үйге айтарлықтай зақым келіп, 25 мың үй су астында қалған. 6 мыңға жуық адам арнайы эвакуациялық орталықтарда жатыр, олардың үйлеріне қайтуларына мүмкіндік жоқ. Ал қазір Жапонияны аптап ыстық жайлады. Жексенбі күннен бастап термометр бағаны 30 градустан жоғарылап кеткен. Бұл онсыз да қиын жағдайды одан бетер ушықтырып отыр. Жапонияға «Прапирун» тайфунының әсері ерекше кесапат әкелді. Тайфун салдарынан өзендер арнасынан асып, көшкін жүре бастады. Жапония тарихында ең көп адам құрбан болған табиғат апаты 1953 жылы тіркелген. Ол жылы Кюсю аралында барлығы 759 мың адам құрбан болып, 450 мың адам баспанасынан айырылған еді.