Белгілі кинорежиссер, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" және "Құрмет белгісі" ордендерінің иегері Сламбек Тілеуқабылұлы Тәуекел дүниеден озды.
Сламбек Тілеуқабылұлы – қазақ киноөнерінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлға. Тарихи-көркем фильмдердің бірқатарын дүниеге әкелген кәсіби режиссер, білікті сценарист әрі продюсер ретінде ұлттық руханияттың өркендеуіне еңбек сіңірген өнер қайраткері. Сонымен қатар Қазақ ұлттық өнер университетінде ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарып, жас мамандардың тәрбиесіне де зор үлес қосты.
Отандық кино тарихында, өнер мен мәдениет шежіресінде жарқын із қалдырған ардақты азаматтың ғибратты ғұмыры халқының жадында мәңгілік сақталады.