ЕЛДІ ЕЛЕҢ ЕТКІЗГЕН – «ERTIS CINEMA»

ЕЛДІ ЕЛЕҢ ЕТКІЗГЕН – «ERTIS CINEMA»

ЕЛДІ ЕЛЕҢ ЕТКІЗГЕН – «ERTIS CINEMA»
ашық дереккөзі
Кереку төсінде алғаш рет Халықаралық «Ertis Cinema» қысқаметражды көркем және деректі фильмдер фестивалі өтті.  Отандық фильмдерден тыс Австралия, Армения, Беларусь, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Ирак, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінен арнайы фильмдер қабылданды. Аталмыш кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына 19 деректі, 48 көркемсуретті фильмдер енсе, конкурстан тыс бағдарламада 26 көркемсуретті, 5 деректі фильм көрсетілді.  «Үздік көркемсурет» номинациясы бойынша режиссер Шұғыла Сержаның «Самал» туындысы бас жүлде алса, «Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша  «Путь» туындысының режиссері Евгений Лумпов көшті бастады.