ДЕМБЕЛЕНІҢ ЖОМАРТТЫҒЫ

ДЕМБЕЛЕНІҢ ЖОМАРТТЫҒЫ

ДЕМБЕЛЕНІҢ ЖОМАРТТЫҒЫ
ашық дереккөзі
344
XXI әлем чемпионатының алтын кубогын иеленген Франция құрамасының футболшысы Усман Дембеленің жомарттығы жайында әлемдік БАҚ таңдай қағып жазуда. Дембеле өзінің игі ұстанымымен журналистер мен қоғам назарын аударды. Испанияның «Барселона» клубында ойын көрсетіп жүрген спортшы чемпионатта алған сыйақы қаражатын өз елінде мешіт салуға бермек. Ақпарат көздерінің мәліметінше, мешіт 21 жастағы футболшының туған қаласы Джакилиде тұрғызылады. Усманның анасы Сенегалда туған. Қазір ол Мавританияда тұрады. Әкесі – Малиден шыққан спортшы. Дембеле Францияда туды. 7 жасынан бастап «Мадлен Эвре» жасөспірімдер клубында доп тебуге машықтанған, 2015 жылдан бері кәсіпқой спортшы ретінде жасыл алаңның көркін кіргізіп келеді. Клубтық мансабында осы кезге дейін 97 кездесу өткізіп, 32 гол соққан. Ал Франция ұлттық құрамасына 2016 жылы қабылданды. Дембеле Ресейдегі футбол тойында да өрнекті ойын көрсетті. Осылайша талай футболшыға арман болған чемпиондық атаққа Усман Дембеле 21 жасында жетті.

Серіктес жаңалықтары