367
Қыркүйектен бастап қоқыс өңдейтін жаңа кешен іске қосылады
Қыркүйектен бастап қоқыс өңдейтін жаңа кешен іске қосылады
Алматыда 1 қыркүйекте қоқыс өңдейтін жаңа кешен ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2017 жылы желтоқсанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды », - деді қалалық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаев.
Оның айтуынша, жоба аясында қоқысты бөлек жинау, қоқысты қайта өңдеуді кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. Кешеннің өзі Алатау ауданында орналасқан.
«Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары күнтізбелік кестеден қалып қойды. Администратор мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында белгіленген уақытта инженерлік желілерді жүргізіп бітіре алмады. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу конкурсы екі рет өтті. Сондықтан, қоқыс өңдеу зауытын пайдалануға беру уақыты 1 қыркүйекке қалдырылды», - деді Ә.Масабаев.