Аудан жолдары жақсармақ

Аудан жолдары жақсармақ

Аудан жолдары жақсармақ
ашық дереккөзі
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жергілікті жерлердегі барлық жолдарды 2025 жылға дейін «жақсы жағдайға» келтіруге уәде етті. «Елбасы Премьер-Министрмен кездесу барысында «республикалық жолдар желісіне ірі көлемде қаражат құйылды және құйылуда» деп айтты. Осы тұрғыда біз 2020-2021 жылдарға дейін барлық республикалық жолдар желісін жақсы жағдайға келтіруді жоспарлап отырмыз. Қазір алдымызда жергілікті жерлердегі жол желілерін сәйкестендіру бойынша тапсырма тұр. Елбасының тапсырмасына сәйкес облысаралық, жергілікті және ауданаралық жолдар желісін жақсарту және дамыту мақсатында жыл сайын бюджеттен 150  млрд АҚШ доллары қарастырылады. Оның 50% жергілікті, 50%  республикалық бюджеттен бөлу принципімен іске асырылады. Бұл өз кезегінде жыл сайын 4 мың шақырым жергілікті автожолдар желісін жөндеуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыда жергілікті жерлердегі автомобиль жолдары 2025 жылға қарай жақсы жағдайға жетеді»,– деді министр. 19 шілде күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабыладу кезінде аудандық жолдарға көңіл бөлуді тапсырған еді. «Біз республикалық маңызы бар жолдар салудамыз. Ал егер аудандар арасында жол жоқ болса адамдар оны сезбейді. Мен Үкімет басшысына тапсырма бердім. Ауыл, аудандар ішінде жолдар болуы үшін кейбір күте тұратын жолдарды кейінге қалдырсын. Себебі онда адамдар жүреді, тасымал қатынасы бар»,- деп атап көрсетті Н.Назарбаев