435
Салық төлемеген шетелге шықпайды
Салық төлемеген шетелге шықпайды
Астанада 3 мыңға жуық тұрғынға шетелге шығуға тыйым салынуы мүмкін.
Жалпы сомасы 643,6 миллион теңге салық төлемеген 2 903 астаналықтың ісі сот орындаушыларына берілді. Бұл туралы елорданың Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарызын төлемеген тұрғындар шетелге шыға алмауы мүмкін екендігі хабарланып отыр. Шектеу қойылған тізімге тек сот приставының бұйрығы бар тұғалар кіреді. МКД жылжымайтын мүлік, жер және көлік салығы қарыздарын өтеуді ұсынады. Тізім ішінде бар-жоқтығыңызды мемлекеттік кіріс комитетінің www.kgd.gov.kz сайтынан - "Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" немесе салық төлеушіні тіркеу орны бойынша Астана қаласының мемлекеттік кіріс департаментімен байланысу арқылы тексеруге болады.
Сонымен қатар, Әділет министрлігінің сайында - "Қазақстан Республикасы шегінен шығуы уақытша шектелген тұлғалардың тізімі" көре аласыз.