Алматы: Түнгі велошеруге 1000 адам қатысты

Еліміздің оңтүстік астанасында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында осы жылғы бірінші түнгі велошеру өтетін хабарлаған едік. Қашықтығы 7,5 шақырымды құраған велошеруге 1000-ға жуық қала тұрғыны мен қонақтары қатысты.

«Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталған велошеру ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін жалғасты.   Қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар және велосипедтер ойнатылды.

Оның бірін велошабандоз Виталий Герасимовтың ұлы Глеб Герасимов ұтып алды.

«Мен кезінде «Экстрим» клубында өнер көрсеттім. Велоспорттан Спорт шеберлігіне үміткермін. Қазір әуесқоймын. Осы велошеру басталғаннан бері жібермей қатысып келемін. Енді, міне, өз баламды да осы спортқа бейімдеп жүрмін. Бірінші рет осындай сыйлық ұтып алдық, өте ризамыз. Ұйымдастырушыларға рахмет», – дейді Виталий Герасимов.

Бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің 10-шысы екенін айта кетейік.

Back to top button