Бельгия қоланы қанағат тұтты

Бельгия қоланы қанағат тұтты

Бельгия қоланы қанағат тұтты
ашық дереккөзі
Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласта Бельгия құрамасы ұлыбританиялықтардан басым түсті. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен кездесу 2:0 есебімен бельгиялықтардың пайдасына шешілді. [caption id="attachment_66652" align="aligncenter" width="768"] width= СОҚҚЫ ЖӘНЕ ГОООООЛЛЛЛ[/caption] Англия 1966 жылы алтыннан алқа таққанымен, бұдан басқа әлем біріншілігінде күміс немесе қола жүлдеге қол созбаған. Бельгия құрамында қай кезде де үздіктер ойын көрсеткенімен, қазіргі күнге дейін бірде-бір мәрте үздік үштікте болу бақыты олардың маңдайына жазылмай келген. Тек 1986 жылы төртінші орын алған еді.  width= Қос құрама арасындағы ойын тарихта қалуының бір себебі, бір чемпионатта бұл екі команда екі рет кездесті. «G» тобындағы ойын 1:0 есебімен бельгиялықтардың пайдасына шешілген еді. Бір топтан шыққан команданың екінші рет кездесуі соңғы рет 2002 жылы Бразилия мен Түркия құрамаларының арасында өткен болатын.  width= Ойынның төртінші минутында бельгиялықтардың жартылай қорғаушысы Томас Менье Насер Шадлидің пасын нәтижелі етіп, есеп ашты. 82-ші минутта бельгиялықтардың капитаны Эден Азар есепті еселеді. Нәтижелі пастың авторы Де Брёйне. width= Ағылшындардан күтілген басымдық Бельгия құрамасына ауысқаны көпті таңқалдырды. Харри Кейн алғашқы кездесулерде нәтижелі ойын көрсеткенімен соңғы 3 ойында бірде-бір гол сала алмады. Бельгия қақпашысын қапы қалдырамын деген ойы жүзеге аспай біраз әуреге түсті. Қақпаға бағыттаған доптары қиыс кетіп, енді бірде қорғаушылардан аса алмай, әйтеуір ойынның тоқсаныншы минутына дейін есеп ашылмады. Осылайша алтынға бір табан жақын келіп, қола жүлдеден де қағылды. Есесіне Бельгия құрамасының төккен тері ақталды. Дегенмен тікелей эфирден байқағанымыз құрама жанкүйерлері де, ойыншылары да қола жүлдеге аса қуаныш білдіріп жатқан жоқ. Енді бұл құрама 4 жылдан кейін Катарда өтетін XXII әлем чемпионатынажоғары дайындықпен келері сөзсіз. width= Айта кетейік, ӘЧ-2018 жарысының финалдық кездесуі 15 шілдеде Мәскеудің "Лужники" стадионында өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша 21:00-де басталады.