14 Шілде 2018, 16:39 1161 0 Өнер Арман Құдайберген

Голливудтан алтын алған домбыра

«Бастау» домбырашылар тобы АҚШ-тың World Champions Olympic байқауына қатысып өз номинациялары бойынша алтын медальға ие болды. Бұл туралы топ продюсері Алпамыс Шәрім хабарлады.

«Бұл жолды жүріп өту қаншалықты қиын екенін білсеңіздер ғой. Сүйінші! Қазақтың қара домбырасы Hollywood саxнасына шықты. «Бастау» домбырашылар тобы өз номинацияларында алтын медальге ие болды. Жеңісімізді биылғы «Ұлттық домбыра күніне» арнаймыз. Бізді қолдаған Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, өнер жанашыры Айман Мұсаxоджаева xанымға мың алғыс»,- деді «Бастау» тобының продюсері Алпамыс Шәрім.

 

World Championship of Performing Arts - WCOPA халықаралық таланттар олимпиадасы. Деңгейі жағынан WCOPA дүниежүзілік Олимпиада ойындарымен тең. Өнер додасына әр мемлекеттің ең талантты деген өнерпаздары қатысады. Әлемдік шоу-бизнестің астанасы Лос-Анджелесте осымен 22 рет ұйымдастырылған олимпиадада 72 мемлекеттің өкілдері  бақ таластырды. Қазақстан аталған жарысқа алғаш рет қатысып отыр.

« 20 жылдам астам тариxы бар байқаудың ашылуына түрлі елдің президенттері қатысады. Мемлекеттік маңызы бар шараның деңгейін біздің елде де көтеріп, Көк туымызды әлемдік ареналарда желбірету үшін барымызды саламыз. Бұл қазақ өнерпаздарының әлемдік аренаға көрінуіне үлкен жол, үлкен мүмкіндік,- деді А. Шәрім.

 

Соңғы жаңалықтар