Әлем чемпионатының финалдық ойынына төреші тағайындалды

Әлем чемпионатының финалдық ойынына төреші тағайындалды

Әлем чемпионатының финалдық ойынына төреші тағайындалды
ашық дереккөзі
378
ФИФАның ресми сайты Ресейде өтіп жатқан XXI әлем чемпионатының финалдық ойындарына төрешілік ететін мамандар атын жариялады. Франция мен Хорватия құрамалары арасында өтетін «Лижники» стадионындағы финалдық кездесуде алаңдағы бас төреші аргентиналық Нестор Питана болмақ. Оған Эрнан Майдана және Хуан Пабло Белатти қапталдан көмек етеді. Бас төреші 43 жаста, ол дене шынықтыру мұғалімі. Осы жылғы мундиалда 4 кездесуде жұмыс істеді. Олар Ресей – Сауд Арабиясы, Мексика – Швеция, Хорватия – Дания, сондай-ақ Уругвай мен Франция құрамаларының арасында өткен ойындарға арбитрлік етті. Питана халықаралық деңгейде 2010 жылдан бері қызмет етуде. Және екі бірдей әлем чемпионатында төрешілік еткен аргентиналық екінші арбитр. Питанаға дейін отандасы Норберто Коэрессы ( ӘЧ-1970, ӘЧ-1978) екі рет ФИФА ойындарына төрешілік еткен. Және Питана финалдық ойынға төрешілік ететін аргентиналық екінші маман. Бұған дейін 2006 жылғы әлем чемпионатында аргентиналық арбитр Орасио Элисондоға Франция мен Италия құрамаларының финалдық ойынына төрешілік ету бақыты бұйырған еді. Бұл финал әлемдік футбол тарихының жадында мәңгі сақталады. Естеріңізде болса, италиялық Марко Матерацциді Зидан баспен соғып құлатқан еді. Осы ойында аргентиналық арбитр Орасио қызыл қағаз көрсетіп Зиданды ойыннан шеттеткен. Осылайша Франция құрамасы финалға жетіп тұрып, кубоктан қағылған еді. Биылғы мундиальда сол тарих тағы қайталана ма, кім білсін?! Әйтеуір тағы бір аргентиналық арбитр мен Франция құрамасы финалда.

Серіктес жаңалықтары