297
ТҮНГІ ВЕЛОШЕРУ - АЛМАТЫДА
ТҮНГІ ВЕЛОШЕРУ - АЛМАТЫДА
Алматыда алғаш рет кешкі уақытта әуесқой велошеру өтеді. Шара «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен шілде айының 14-не жоспарланған.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өткелі отырған бұл велошерудің қашықтығы 7 шақырым. Қатысқысы келетін қала қонақтары мен тұрғындары «Нұрлы Тау» бизнес орталығына кешкі 20:00-де жиналуы тиіс. Спорттық шара 20:30-да басталады.
Әуесқой велошабандоздар әл-Фараби даңғылымен көтеріліп, Тұңғыш Президент саябағында мәреге жетеді. Мәреде қатысушылард арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық – велосипед.
Тағы бір айта кетерлігі, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынады.
Бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 шараның әзірге10-шысы.