Үкімет үйіндегі кезекті жиын

Үкімет үйіндегі кезекті жиын

Үкімет үйіндегі кезекті жиын
ашық дереккөзі
305
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Кеңес барысында бірінші жарты жылдықтағы өсімнің негізгі көрсеткіштері және инвестициялар тарту, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, салық саясаты, базалық индустрия секілді бағыттар бойынша одан әрі дамыту қорлары талқыланды. Сондай-ақ, Ақмола облысы мен Алматы қаласы әкімдіктерінің жобалық басқару мәселелері қаралды. Атап айтқанда, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұловтың жетекшілік етіп отырған саласының мәселелері, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің инвестициялар тарту және базалық индустрияландыруды дамыту, сонымен қатар қаржы министрі Б. Сұлтановтың салықтарды жинауды арттыру бойынша ағымдағы жылдың алты айындағы мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша есептері мен екінші жарты жылдыққа жоспарлары тыңдалды. Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин мен Алматы қаласының әкімі Б. Байбек көлік және логистика, АӨК, туризм, сауда, білім, денсаулық салалары, жаппай кәсіпкерлік, индустрияландыруды жүргізу, цифрландыру, инвестициялар тарту және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар мен 2018 жылға жоспарлары туралы баяндады.

Серіктес жаңалықтары