«ҚОРҒАС ІСІ»: БІЛІКТІ АДВОКАТТАРДЫҢ ТЕГЕУРІНІ

«ҚОРҒАС ІСІ»: БІЛІКТІ АДВОКАТТАРДЫҢ ТЕГЕУРІНІ

«ҚОРҒАС ІСІ»: БІЛІКТІ АДВОКАТТАРДЫҢ ТЕГЕУРІНІ
ашық дереккөзі

Сот отырысына төрағалық етуші судья, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған әскери сотының төрағасы, Советхан Сәкеновсот мәжілісін жариялағаннан кейін, мәжіліске қатысушы тараптардан: «егер сот рұқсат берсе, журналистердің мәжіліс залында жұмыс істеуіне қарсы болмайсыздар ма?» деген сұрақ қойды. Айыптау тарапының өкілі, Алматы қаласының аға прокуроры Александр Кирияк бұған қарсылық танытып, «журналистерге арналған заманауи баспасөз орталығы бар емес пе, олардың залда болуы сот жұмысына кедергі келтіруі мүмкін» дегенді желеу етті. Бірақ бірнеше сотталушылар – Талғат Жақаев, Ирлан Әбдірахманов, Бақытбек Құрманәлиев, Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің экс-басшысы Құрманбек Артықбаев пен олардың адвокаттары бұған қарсы шығып, баспасөз өкілдерінің сот залында болуы процесс барысының шынайы жариялануына әсер ететінін бірауыздан мәлімдеді. Бұған қарсы болмаған сот төрағасы Сәкенов процеске қатысушыларды таң қалдырғандай болды.Шынын айтсақ, судья Сәкенов процесті өте әдепті жүргізді, іс бойынша барлық қолдаухаттарды қабылдап, прокурорларға нақты сұрақтарды жолдап отырды. Оның барынша жайлы жағдай тудыруға деген ұмтылысы бірден көзге түсті. Мәселен, ол сот залынан арнайы жасақ жауынгерлерін шығаруды талап етіп, оларды ішкі әскерлердің айдауылдарымен ауыстырды. Сондай-ақ төраға адвокаттардың сот залына, баспасөз орталығында және қорғаушылар бөлмесіне диспенсерлер орнату жөніндегі өтініштерін қанағаттандырды. Сотталушылар отыратын кабинкалардан әйнектерді алдыртып тастады. Сот мәжілісі залының алдында дәрігерлер бригадасы кезекшілікте тұрды.Бұдан кейін сот төрағасы бір сағат шамасында айыпталушылар мен олардың адвокаттарының тұлғаларын анықтады. Сонан соң сөз алған сотталушы чекистер – Әдірахманов пен Жақаев сотқа нақты фактілерге негізделген бірнеше қолдаухаттар жолдады. Процес­ке қатысушылар олардың әр сөзін ду қол шапалақтап, үлкен ілтипатпен қабылдап отырды. Олардың сөзін растайтын бірнеше мысал келтіре кетейік. Ұлттық қауіпсіздік саласында біраз жыл тер төккен жоғары лауазымды қызметкерлер қазір өздері қамауда отырған №18 Тергеу изоляторының камераларынан заңсыз орнатылған тыңдаушы қондырғылар – “жучоктар” тауып алыпты. Әрине, олар жасырын тыңдаудың қыр-сырын жетік меңгерген өз ісінің майталмандары емес пе?! – Құрметті төраға! Ұлттық қауіпсіздік коми­тетінде қызмет еткен жылдарда мен өзім ондай жүздеген тыңдаушы қондырғылар орнатқан болатынмын, және оларды орнату әдістерін жетік меңгерген едім. Бірақ ол кезде біздің қолымызда прокурордың санкциясы болатын, – деді Ирлан Әбдірахманов. – Мен Сізге тыңдаушы құралдарды заңсыз орнатқан жерлерді көрсетуге дайынмын. Сондай-ақ келесі жайтқа – тергеу тәртібін өрескел бұзу фактісіне назар аударуды өтінемін. Қылмыстық істі тергеу ресми түрде 2012 жылғы 19 сәуірде аяқталды, ал айыптау қорытындысы сол жылғы … 8 сәуірде толтырылған! Сонда тергеу аяқталмастан бізді алдын ала айыптап тастаған ба?! Тергеу тобының жетекшісі Ұлықбек Патсаев қол қойған, Алматы қаласының прокуроры Берік Асылов бекіткен бұл құжат біздің қолымызда.

Сот төрағасы өзінің таң қалғанын жасырмаса, прокурорлар «бізге арыз жазыңыздар, қарап көреміз», деді міңгірлеп.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облыстық департаментінің бұрынғы басшысы Бақытбек Құрманәлиев пен «Алатау КРО» кеден бекетінің бұрынғы жетекшісі Михаил ВойтовичӘбдірахмановтың өтінішіне қолдау білдірді. Сөйтсек, тергеушілер «Қорғас ісінің» барлық фигуранттарына егіздің сыңарындай айыптау қорытындыларын тапсырыпты. Ең қызығы, оған тергеу ресми аяқталудан 11 күн бұрын, яғни 8 сәуірде қол қойылыпты!Сондай-ақ тағы бір келеңсіздік орын алған. Мәселен, қазіргі уақытта сотталушылар қамауда отырған №18 Тергеу изоляторының дәлізінде қаржы полициясының қызметкерлері емін-еркін жүр, ал Тергеу изоляторының ішкі тәртібі бойынша бұл нысанның аумағына бөгде адамның кіруіне қатаң тыйым салынған. Іле-шала бірнеше адвокат: Паллада­ Теп­саева, Татьяна Ковылкина, Дина Сәр­се­но­­ва және Лидия Клименко сотқа өзде­рі­­­ніңқол­даухаттарын жолдады

– Сот­тан Бас прокуратурадан арнайы жедел-із­дес­тіру шараларын (АЖІШ) жүргізудің нұс­қаулығын сұратуды өтінемін, – деп мәлімдеді Әбдірахмановтың қорғаушысы Лидия Клименко. – Негіз: қаржы полициясының қызметкерлері менің қорғауымдағы азаматқа қарсы заңсыз АЖІШ жүзеге асырған. Сондай-ақ Әбдірахмановты бүркемелеу туралы құпиялы мәліметтерді заңсыз жариялау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі сұратуыңызды өтінемін. Менің клиентімнің әңгімелерін прокурордың санкциясынсыз тыңдап отырған, бірақ барлық құжаттар қылмыстық іске тігілген. Сондай-ақ «Керуеншілер» ісі бойынша ҰҚК 4-ші және 5-департаментерінің қызметкерлері жинаған барлық материалдарды сұратуыңызды өтінемін. Ол материалдар іс жүргізу бойынша шешім қабылдау үшін Бас прокуратураға жіберілген болатын. Бұл жерде әңгіме Алматы қаласы бойынша қаржы полициясы департаментінің бұрынғы басшысы Мақсат Дүйсенов пен қаржы полициясының агенті Сан Санычты, яғни Талғат Мақатовтықылмыстық жауапкершілікке тарту туралы болып отыр. Бұдан тыс, Мақатовқа қатысты қауіпсіздік шараларын тоқтату қажет, өйткені оның денсаулығы мен өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. –Прокурор мырзалар, сіздер қа­лай­ ойлайсыздар? – деді судья Сәке­нов­  ­ айыптаушы тарапқа қарап.– Құр­­метті сот, өте ауқымды, нақтылық жоқ қолдаухат, – деді сөз алған Кирияк мырза. – Қылмыстық істі қалай сұратамыз? Қауіпсіздік шараларын қалай тоқтатамыз? Өтінішті қанағаттандырудан бас тарту қажет. – Құрметті сот, заң талаптары өрескел бұзылған, істе мүмкін емес дәлелдер бар, Агенттің, яғни Саныч-Мақатовтың жауаптары заңсыз. Біз мемлекттік айыптаушы тарапқа құрметпен қараймыз, бірақ бізді де сыйлауды талап етеміз. Прокурор мырза, біз, адвокаттар басқаша қалай жұмыс істейміз? Өтініш орынды, қолдаймын, – деді Құрманбек Артықбаевтың адвокаты Валентина Понамарева.Талғат Жақаевтың мүддесін қорғайтын адвокат Дина Сәрсенова алты парақтан тұратын қолдаухатын жариялап, көпшіліктің құрметіне бөленді. Судья (прокурорларды айтпағанда) оның әрбір сөзін мұқият тыңдады. Адвокат өзінің әрбір сөзін нақты дәлелдермен негіздеп, «Қорғас ісінің» қай томының қай бетінде қатенің жіберілгенін нақтылап көрсетті. – Құрметті сот, көптеген материалдар, оның ішінде, айыптау қорытындысын да заңсыз деп есептеуіңізді өтінемін, – деді адвокат Сәрсенова. – Мәселен, тергеу тобының жетекшісі Нұрлан Ауғанбаев қылмыстық іс қозғап, төмендегіні атап көрсеткен еді, сөзін дәлме-дәл келтіреміз: “Қылмыстық топтың мүшелері Қытай Халық Республикасынан контрабанда тасыған”. Солай десек те, оның материалдарында не келтірілген шығынның мөлшері, не тауарлар тізімі жоқ. Сонымен қатар, олар тиісті сараптамалар, тергеу амалдарын жүргізбеген. Қандай тауар, қандай машинамен контрабандалық жолмен әкелінген? Құрметті төраға, айыптау қорытындысы іс жүргізу заңдылығына сәйкес жасалған құжат емес, бейне бір ортаңқолды жазылған детектив іспеттес. Назарыңызға айыптау қорытындысынан үзінділер келтірейін: «Жақаев дәйексіз, жауап бергенде жалтарып кетуге тырысады, айтқандары қарама-қайшылыққа толы. Оның жауаптары ешқандай сын көтермейді, бәрі өтірік, жалған нұсқаларды бірінен кейін бірін ойдан шығарады». Кешіріңіз, тергеуші мұндай көркем сипаттауға жол бермеуге тиіс. Оның мақсаты – нақты фактілермен кінәні дәлелдеу және детектив емес, құжат дайындау. Тергеушілер заңды бұзған және сотты шатастырып отыр деп санаймын…

Адвокаттан кейін сөз алған прокурор­лар сотты кезекті рет қолдаухаттарды қа­на­­ғат­тандырудан бас тартуға шақырып, оның ішінде, айыптау тарабының бас куәгерін сотқа алдырудың қажеті жоқ екендігіне иландыруға тырысты. Осы кезде сөзді қайтадан бас айыпталушының бірі – ҰҚК полковнигі Әдірахманов сұрады. – Агент Мақатовты алғашқылардың бірі болып Бас прокуратураның қызметкері Адай құпиясыздандырды. Естеріңізге сала кетейін, бұл жерде әңгіме менің агентті және Дүйсеновты ҰҚК «Керуеншілер» атты құпия жедел ісі шеңберінде қылмыстық жауапкершілікке тарту жөніндегі мәлімдемем туралы болып отыр. Кейінірек қаржы полициясының тергеушісі МАРДАНОВ біздің адвокаттарға Отарбаевқа өзінің құжаттық мәліметтерін айтып жатқан Мақатовтың бет-әлпеті нақты көрінетінбейнетаспаны ұсынған еді. Рас, кейін осы таспаның көшірмелерінде тергеу агенттің түрін адам танымастай өзгертіпті. Бірақ мен айтқан дәйектер «Қорғас ісінің» № 960 томында көрсетілген. Ол материалдарда агенттің құпиясыздандырылғаны атап көрсетілген. Сондай-ақ Патсаев қылмыстық істі тергеу аяқталмастан біраз бұрын өз қаулысымен агентті куәгерлерді қорғау бағдарламасынан шығарған болатын. Сотқа берілген томдарда агенттен жауап алудың небары екі хаттамасы бар, агент жауаптарының басқа 80 пайызы айыптаудың басты дәлелі ретінде жеке конвертте сақталуда. Біз онымен таныс емеспіз, сондықтан қорғанысымызды қалай құру керек екенін білмей отырмыз…. Жалпы, бұл заңсыздық! Егер Мақатов қорқатын болса, оны күзетпен қамтамасыз етіңіздер. Бірақ ол сотқа келіп, біздің және мемлекеттік айыптау тарапының сұрақтарына жауап берсін.

Судья Сәкенов прокурорлардың пі­кі­рін біл­­мекші болып еді, бірақ олардың “спи­­­кері” Александр Кирияк бұл жо­лы­ да тура жауаптан ауытқып кетті:– Құр­­мет­ті төраға, мен бүгін сіздің сұрағың­ыз­ға­ тура жауап бере алмаймын, прокуратураға жі­­берсін, қарап көреміз. Арнайы жедел із­­дес­­тіру шараларын жүргізуге келсек, ол­ жеке механизм. Нақты бір нәрсе айту қи­ын­… Прокуратураға жіберсін – қарап кө­ре­міз, қиындық көріп тұрған жоқпын…Бұ­дан кейін судья кезекті үзіліс жариялады. Оның барысында №18 изоляторының ал­дын­дағы плацта көптеген адвокаттар тергеудің шынайы, әділ жүргізілмегенін айтты. Олар істі қайта тергеуге жіберудің қажеттілігі жөніндегі ойларын, тергеу барысындағы заңдылық талаптарын бұзу фактілерін ортаға салып жатты.

Қайрат Матреков,

Алматы