"Ақ балапан" латын қарпімен Ыстамбұлда басылды

"Ақ балапан" латын қарпімен Ыстамбұлда басылды

"Ақ балапан" латын қарпімен Ыстамбұлда басылды
ашық дереккөзі
261

Ыстамбұлдағы «Sanat» баспасы Қазақстан Жазушылар
одағының және Еуразия жазушылар одағының мүшесі, жазушы әрі ақын Жәди
Шәкенұлының балаларға арналған «Ақ балапан»
кітабын сондағы қазақ
диаспорасы балаларына арнап, латын қарпімен басып шығарды.

Жәди Шәкенұлының
бұған дейін «Бір уыс сәуле», «Қаралы көш», «Жалғыздың үні» сияқты кітаптары жарық көрген. Бұл жолғы кітабы мың
данамен жарық көріп отыр. Кітаптың Ыстамбұлда жарық көруіне мұрындық болған,
ғалым, Минар Синан университетінің профессоры Абдуақап Қара кітаптың Түркия мен
Еуропада тұратын, ана тілінен, туған жұртынан жырақта жүрген, әрі оны ұмытуға
таяу қазақ жастары үшін аса пайдасы зор дейді. Қазірдің өзінде кітапқа сұраныс
өте мол түскен. Өйткені, тағдырдың тәлкегімен қазақтың ежелгі мекені, бүгінде
Қытайдың Шыңжаң өңірінде қалған Алтай өлкесінен ауа көшіп, Гансe, Шыңхай
аймағын басып өтіп, Тибеттің жоталарынан, Гималайдың асқар шыңдарынан Үндістан,
Пәкістан өтіп, темір таяқтан тебендей, темір етіктен теңгедей қалғанда Түркияға
жетіп жығылған жұрттың бүгінгі ұрпағы түрікше және өздері қоныстанған Еуропа
елдерінің тілінде білім алуға мәжбүр. Сол себептен де олардың көбі кириллицаны
оқи алмайды. Латын қарпімен басылған кез келген ақпарат немесе оқу құралы
түрікше білім алған ұрпақтың оқуына және түсінуіне жеңіл соқпақ.

Абдуақап Қара
қазақ тіліндегі латын әрпімен ХХІ ғасырда тұңғыш рет жарық көріп тұрған кітап
үшін бұған дейін қазақ тарихында қолданған әліпби нұсқасының қолданғанын
айтады. Кітапты шығарушы баспагер кітаптың ресми демеушісі деуге болады. Ол мұсылман
адамның зекеті үшін осы қайырымдылыққа барып отыр екен. 

“Түркістан-ақпарат”

Серіктес жаңалықтары