Алматы облысында жылқыларға оқ атып, етін сойып әкеткендердің ісі әшкере болды (ВИДЕО)

/
Алматы облысында жылқыларға оқ атып, етін сойып әкеткендердің ісі әшкере болды (ВИДЕО)
Сурет ЖИ көмегімен жасалған

Оқиға Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ақши ауылының маңындағы жолға жақын жерде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайында желі қолданушылары дабыл қақты. Қатыгездікпен жасалған қылмыс орнында жатқан тері-терсек пен жылқының бастары және сирақтары түсірілген видеоны әлеуметтік желіде КТК телеарнасының журналисі Диас Нұрақын жариялады.

"Обал-сауапты білмейтін оңбағандар! Алматы облысында ұрылар жылқыны жолдың бойында сойып әкетіп жатыр. Үш күн бұрын Еңбекшіқазақ ауданында екі үйір жылқыны жауыздар бытырамен атып, құлағанын сойып әкетіпті. Бас-сирағын, ішек-қарнын жол бойына жайратып тастап кеткен. Тіпті кейбірінің сүрпі еттерін сылып алып, сүйек-саяғын лақтырып тастаған. Әшейінде шемішке шағып, түкіргендерді тауып алатын камералар осындайда көр соқыр болып қалады. Алматы-Қорғас ақылы жолындағы тізілген камералар түк көрмеген бе сонда? Полиция да тым сылбыр дейді мал иесі. Ұрылар ұсталмайды дегенге ставка қабылдаймын. Қане, кім бәстеседі менімен!", - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары