Марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осы себепті ол елге үндеу жасауға мәжбүр болған.
"Қайғыға ортақтасып, көңіл білдіріп жатқан жандарға Алла разы болсын! Мен марқұм Мақсот Қарабалин деген кісінің інісі боламын. Өкінішке қарай, бір келеңсіз жағдайларды естіп жатырмыз. Әлеуметтік желіде "көмек қолын созамын десеңіздер, осындай нөмірге ақша жіберсеңіздер болады" деген секілді ақпараттар тарап жатыр екен. Ол ақпараттың өтірік екенін айту мақсатында сіздерге осындай видео үндеу жолдап жатырмын. Мұндай ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз. Біз осында ауыл-аймақ, туған туыс өзіміз ауыртпалықтың бәрін көтеріп, шаруаларды үйлестіріп жатырмыз", – деді Шалқар Мұқанғалиев.