7 қаңтар күні Жайық өзенінде Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері оқыс оқиғаға ұшырады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Браконьерлікке қарсы рейд барысында қызметтік квадроцикл абайсызда суға түсіп кеткен.
"Оқиға кезінде инспекторлар қызметтік міндеттерін атқарып жүрген. Қауіпсіздік құралдары мен құтқару жилеттері болғандықтан, олар дер кезінде қауіпсіз жерге шығып, аман қалды. Зардап шеккендер жоқ, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ. Жағдай туралы тиісті қызметтерге хабар берілді. Қазіргі уақытта квадроциклді судан шығару және оның техникалық жағдайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тексеру нәтижесіне сәйкес қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады. Мамандар тұрғындарды мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады", - деп жазылған Atyrau OIL таратқан хабарламада.