Журналдың жаңа саны оқырманға жол тартты

Журналдың жаңа саны оқырманға жол тартты

Журналдың жаңа саны   оқырманға жол тартты
ашық дереккөзі

Журнал өзінің атына сай хал­қы­мыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын оқырмандарға жан-жақты насихаттап келеді. Ұлттық құндылықтарымызды жазып, зерттеп жүрген ғалымдардың, этнографтардың, ақындар мен жазушылардың, зерттеушілердің, зиялы қауымның салмақты ой-пікірлерін журналымыздың әр санынан оқи аласыздар. Республикамыздағы бірден-бір қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттайтын этнографиялық «Дәстүр» журналының бас редакторы, белгілі ақын Қасымхан Бегманов.
Биыл «Дәстүр» журналында бірқатар жаңа айдарлар ашылды. Айталық, журналдың 2014 жылғы алғашқы санында «Салт-дәстүр жырларының антологиясы» деген жаңа айдар ашылды. Ұлы Абайдан бастау алған салт-дәстүр жыр топтамасын Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Темірхан Медетбек жүргізеді. Журналдың «Тұлға» айдарында қазақтың белгілі этнографтары туралы деректер мен дәйектер тұрақты беріліп тұрады. Сонымен қатар, «Дін және дәстүр», «Салт-дәстүр», «Кешегі мен бүгін», «Қолөнер – халық қазынасы», «Шеберхана», «Ойтүрткі», «Сырт көз», «Ырым-тыйымдар», «Дәстүрлі өнер», «Сауалнама», «Ұлттық тағам» – деген айдарлардан да қажетті мағлұматтар беріліп отырады. Журналдың шетелдегі өкілдері Түркия елінен Әбдіуақап Қараның, Моңғолиядан Байыт Қабанұлының, Қытайдан Ясин Құмарұлы мен Шәкен Бөкетайұлының, Өзбекстаннан Өміртай Байжанұлының ұсы­ныстары мен пікірлерін үнемі ескеріп, олардың жолдаған мақа­лалары мен фотоларын үзбей жа­риялап тұратын болады.
Республикамыздағы қазақтың ұлт­тық құндылықтарын наси­хат­тайтын этнографиялық журнал, халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйымдары мен наным-сенімдерін ел ішінен жи­науға шақырады. Ол үшін өзіңіз жақсы білетін, ұмытыла бастаған дәстүрімізді қағазға түсіріп, элек­трондық пошта арқылы біз­ге жолдасаңыздар болғаны.
Біз сіздерден келген мақалаларды сұ­рыптап, әбден екшеп оқырманға ұсынамыз. Осылайша осынау баға жетпес құндылықтарымызды өзімізден кейінгі ұрпаққа аманаттап қалдырамыз.

Айдана ҚУАНТХАНОВА