Мәдениетке Арыстанбек Мұхамедиұлы келді

Мәдениетке Арыстанбек Мұхамедиұлы келді

Мәдениетке Арыстанбек Мұхамедиұлы келді
ашық дереккөзі

Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен
ҚР Мәдениет министрі қызметіне Арыстанбек  Мұхамедиұлы тағайындалды. А.Мұхамедиұлы
1963 жылы 11 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданында дүниеге келген.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің
иегері. Бірнеше мәрте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған.
Мәдениет саласында «World master» жоғары атағына ие.

Ол бұған дейін 2008 жылдан бері
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарған. Өзінің
еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының
мемлекеттік симфониялық оркестрінің артісі болып бастаған. 1991-1993 жылдары аралығында
Мәдениет министрлігінде маман болды. 1993 жылы ҚР Мәдениет министрінің
көмекшісі болып тағайындалды. Әр жылдары ҚР Президентінің оркестрінде қызмет
атқарды. Сонымен қатар «Қазақ әуендері» АҚ-на басшылық етті.

2006 жылы ҚР Мәдениет және
ақпарат вице-министрі болып жұмыс жасады. Сондай-ақ ол ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат
бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болған. 

Ал, осы саланы бұрын басқарған М.Құл-Мұхаммед
Мемлекет басшысының үкімімен Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы
Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.  

 Д.Дүрмән