Курчатовта АЭС салынбақ...

Курчатовта АЭС салынбақ...

Курчатовта АЭС салынбақ...
ашық дереккөзі

Елімізде 2018 жылы атом электр станциясының құрылысы басталмақ.
Қазақстанда АЭС салу мәселесі тәуелсіздік алған жылдардан бері айтылып
жүргені белгілі. 

Алайда уранды пайдаланудың дүниежүзілік
тәжірибесіне көз жүгіртсек, үнемді өндірістің зардабы да ұшан-теіз.
Қатері мен қажеттілігі қатар
жүретін металлды шетелге тонналап сатқаннан, өзіміздің өңдегеніміз
анағұрлым
табысты дейді мамандар. Сонымен алғашқы АЭС-тер Курчатов және Балқаш
қаласында
салынбақшы.

29 мамырда Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесте
«Қазатомпром» мен «Росатом» мемлекеттік корпорациялары атом электр станциясы
жөніндегі ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Аталмыш құжатқа сәйкес, станция
салуға Курчатов қаласының географиялық орналасуы түрткі болған. Алынған өнімді –
электр энергиясын Ресейге де, Қазақстан аймақтарына да тасымалдау жеңіл болмақ.
Десе де дәп осы қаланың тарихы сынақ алаңдарының ғылыми орталығынан бастау
алады. Кезінде Курчатовтың жабық қала болғаны белгілі. Халық орналасып, ғылыми
орталықтан арылғаны бертінде ғана. Енді міне ғылыми орталықтан да сорақы,
қауіп-қатері мол орталыққа айналмақшы. Болашақта украиналық Чернобыль қаласының
кебін кимесіне кім кепіл? Әлемдік  сарапшылары, Чернобыль зардабын салғырттықтан
болған деп түсіндіреді. Ендеше тағы да Ресей тарапы қатысып отырған жоба
салғырттыққа ұрынбасын деп тілейік…

Электр станциясының қуаты – 300-1200
мегават. Болашақ АЭС-тың реакторлары ресейлік үлгі бойынша – су негізінде жасалады.
Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің
мәлімдеуінше, Курчатов – АЭС салынатын жалғыз қала емес, бейбіт атом өндіру
Балқаш көлі маңайынан да бой көтермекші. «Өткен аптада Ресей тарапының
қатысуымен салынатын АЭС-тің құрылысы туралы бірінші меморандумға қол қойылды.
Әзірге бұл жобада жай-жапсары ғана көрсетілген. Бұдан кейін өткізілетін шаралар
нақтыланады… Жергілікті өңірді зерттеу жұмыстары 2-3 жылға созылмақ. Жобаны
жүзеге асырудың қаржылық моделдері қарастырылуда. Біздің пайымдауымызша, 2018
жылы Қазақстанда АЭС құрылысы басталады. Электр станциясының алғашқы энергиясын
2023-2024 жылдары алмақпыз», – деді вице-министр.

Жалпы, бұл жобаға жапон
мамандары да қатыстырылмақ. Алайда жоғарыда аталған екі елдің де атом электр
станциясының зардабын шеккені белгілі. Бірі – Чернобыль апаты, бірі – Фукусима қаласындағы
АЭС. Қазақстан осы екі елдің
технологиясын пайдалануды қош көріп отыр. Осы орайда Ресейдің Хруничев ғарыштық
орталығымен бірлесіп жасаған «ҚазСат – 1» жерсерігінің тағдыры еске түседі.
Болашақта Курчатов немесе Балқаштан салынатын станцияларына осы жерсеріктің
күні тумаса болғаны. Себебі Ресейдің технология және электронды тауар жасау
бойынша мақтана алмайды. Оған қарағанда Еуропа елдері, АҚШ, Қытай мен Корея
электронды техника және басқа да аппарат, ауыр машина өндірісі бойынша Ресейді
артта қалдырғаны белгілі. Ендеше экономикалық және саяси маңызы бар бейбіт
атомның құрылысына байқау жариялаған абзал…