Астанада құрылған қоғамдық штаб

Астанада құрылған қоғамдық штаб

Астанада құрылған қоғамдық штаб
ашық дереккөзі
240

Астанада ҚР Президенттігінен үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабы құрылды. Оған саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары, танымал ғылым, мәдениет пен өнер қайраткерлері және басқа да тұлғалар қатысты. Штаб жетекшісі болып Мұхтар Құл-Мұхаммед тағайындалды. «Бүгін жалпыхалықтық ұйға­рымға сәйкес ҚР Пре­зи­дент­тігінен үміткер Н.Ә.Назарбаевтың Рес­пуб­ликалық қоғамдық штабы құрылды. Осыған байланыс­ты, өзімнің және бүкіл штаб мүшелерінің атынан Елбасыға үлкен сенім артқаны үшін риза­шылығымды жеткізгім келеді. Біз біліміміз бен білігімізді, тәжірибемізді жоғары деңгейлі жұмыс ұйымдастыруға жұм­сайтын боламыз», − деді Мұхтар Құл-Мұхаммед брифингтің ашылуында. Шарада сөз алған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның XVI съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев кандидатурасының бірауыздан қабылданғанын атап өтті. «Ме­ніңше, әрбір қазақстандық Елбасының стратегиялық бағ­дарын жақсы түсініп отыр. Ол – ынтымақ, тұрақтылық, келісім, еліміздің өсіп өркендеуі және болашаққа ұмтылыс», – деді саясаткер. Сондай-ақ, ол қоғамдық штабтың бас­ты міндеті – сайлаушыларға Мемлекет басшысының кең ауқымды бастамаларының мәнін, яғни, бес институционалдық реформалардың маңыздылығын жеткізу екенін атап өтті. Яғни, бұл съезде жария етілгендей, қарапайым азаматтардың өмір сапасын түбегейлі жақсартуға бағытталған. «Алдағы сайлаудың қалың бұқараны Елбасы бағда­рының жанына топтастырып, ұлттың ұлы мақсаты жолын­да бірігуіне жол ашатынына сенімдімін», – деп атап өтті Б.Байбек. Айта кетейік, штаб құрамына саяси партиялар басшылары – «Ақ жол», «Ауыл», «Бірлік» және Патриоттар партия­ларының жетекшілері кірді. Олар брифинг барысында ҚР Президенттігінен үміткер Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдады. Сонымен қатар, штабқа танымал саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зия­лы қауым өкілдері, бизнесмендер, журналистер мен спортшылар кірді. Бұдан бөлек, үміткер Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау үшін облыстық, қалалық және аудандық штабтар құрылды.

Астана

Серіктес жаңалықтары