Голландия құрамасы алға шықты

Голландия құрамасы алға шықты

Голландия құрамасы алға шықты
ашық дереккөзі

 

Бразилиядағы футболдан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. В
тобындағы Голландия және Австралия құрамалары екінші айналымдағы кездесулерін
өткізді. Бұл ойында Голландия Австралияны ұтты. Ойынның 20-минутында
голландиялықтардың алғашқы голы қарсыластар қақпасына енді. Алғашқы голдың
авторы – Арьен Роббен. Алғашқы голдан кейін, араға 1 минут салып Австралия
құрамасы есепті теңестірді. Бірінші тайм тең есеппен аяқталды. Ойынның 54-минутында
австралиялықтар алға шықты. Голландия құрамасының ойыншысы Дэрил Янмат айып
алаңында доппен таласта қолымен ойнағандығы үшін төреші бірден пенальти
белгіледі. Миле Единак тепкен доп Голландия қақпасынан табылды. Гол соғылды.
Есеп 2:1. Австралиялықтар пайдасында. 3 минуттан кейін Роббен Ван Перси тепкен
доп есепті қайта теңестірді. 68-минутта Мемфис Делай Голландия құрамасына жеңіс
сыйлаған ойындағы соңғы голды соқты. Ойын нәтижесі 3:2. Бұл ойынның жеңімпазы –
Голландия құрамасы.Ал австралиялықтар үшін әлем чемпионаты осы жерден тәмам.