Бүгін, 6 шілде күні Қазақстанның бірқатар өңірлерінде метеоролоиялық жағдай қолайлы болады, алайда Жезқазған мен Балқашта ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Синоптиктердің мәліметінше, аталған қалаларда атмосфералық ауаның ластану деңгейі артуы мүмкін. Мұндай құбылыс қолайсыз метеожағдайлармен (НМУ) тікелей байланысты.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына себеп болатын қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оған тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия сияқты табиғи құбылыстар жатады, – деп хабарлады синоптиктер.
Ауа сапасының төмендеуі әсіресе созылмалы өкпе немесе жүрек аурулары бар адамдарға кері әсер етуі мүмкін. Тұрғындарға далада ұзақ уақыт болмауға, физикалық белсенділікті шектеуге және бетперде қолдануға кеңес беріледі.
Айта кетейік, ауа ластануының деңгейін анықтайтын басты факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы, яғни желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдылық деңгейі.
Тұрғындарға ауа сапасы туралы жаңартылған мәліметтерді «Қазгидромет» сайты мен ресми арналары арқылы қадағалап отыру ұсынылады.