Балаларға зорлық көрсетуге қатысты 665 қылмыстық іс тіркелген

Балаларға зорлық көрсетуге қатысты 665 қылмыстық іс тіркелген

Балаларға зорлық көрсетуге қатысты 665 қылмыстық іс тіркелген
ашық дереккөзі
244

Ішкі істер министрлігі балаларға зорлық-зомбылық көрсету оқиғалары өткен жылмен  салыстырғанда, 37 пайызға өскендігін хабарлайды. Жыл басынан бері барлығы 665 қылмыстық іс тіркеліп, оның ішінде педофилге қатысты 8 қылмыстық іс әлі тексеріліп жатыр.

Орын алған зорлық-зомбылыққа көбіне жағдайы төмен отбасының балалары ұшырайды. Бүгінде арнайы тіркеуде тұрған осындай 12 мың отбасында 17 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Полиция бөлімшелеріне жыл сайын шамамен 120 мыңдай жасөспірім жеткізіледі екен. Көпшілігі түн ортасында көше кезіп, тентіреп жүретіндер. Ал жыл сайын бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын 4000-дай ата-ана жауапкершілікке тартылып, тағы 1000-ға тартасы ата- аналық құқығынан айырылған.

Серіктес жаңалықтары