ЖАРАСТЫҢ ЖЫР КЕШІ

ЖАРАСТЫҢ ЖЫР КЕШІ

ЖАРАСТЫҢ ЖЫР КЕШІ
ашық дереккөзі
Осы аптада М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Жарас Сәрсектің «Жаныңда жүрмін» атты жыр кеші өтті. Жыр кешінде алғаш сөз сөйлеген Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Ұлықбек Есдәулет Жарас Сәрсектің поэзиясы жөнінде пікірін білдіріп, мерейтой иесіне арнаған лебізін жырмен жеткізді. Кеште Алматы облысы және Алматы қаласы әкімдерінің құттықтау хаттары оқылып, кеш иесіне арнаған сыйлықтары тапсырылды. Ақын Жарас Сәрсек еңбек ететін «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымы, жазушы, «Үркер» журналының бас редакторы Қуандық Түменбай сөз сөйлеп, мерейтой иесінің иығына шапан жапты. Ақындар Тыныштықбек Әбдікәкімов, Әбубәкір Қайран, «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, «Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры Сағындық Рзахмет, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, ақын Бақыт Беделхан сөз сөйлеп, Жарас Сәрсекке арнаған өлеңдерін оқыды. Жыр кешінде Жарас Сәрсектің өлеңдері оқылып, өлеңдеріне жазылған әндер айтылды. Рамазан Стамғазиев т.б. өнер шеберлері ән салып, кештің көрігін қыздырды.