9 Мамыр 2018, 11:07 2223 0 Спорт Назым Тойлыбаева

Головкин мен Альварес реваншының нақты күні белгілі болды

ESPN Deportes ақпараты бойынша, келесі аптада Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің өкілдері кездесу өткізіп, боксшылардың күзгі реваншын ұйымдастыруды талқылайды, деп хабарлайды Sports.kz.

Жекпе-жек сенбі, 15 қыркүйек күні, Мексика тәуелсіздігі күні қарсаңында болады. Осылайша, қазақстандықтар рематчты 16 қыркүйек күні таңертең тамашалай алады. GGG мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі былтыр осы күні өткен болатын.

Алғашқыда қазақстандық пен мексикалық 5 мамырда айқасады деп жоспарланған. Алайда, Альварестің допинг-сынамасы оң нәтиже беруіне байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Головкиннің промоутері екінші айқас үшін «Канелоға» қатаң шарт қойды.

Соңғы жаңалықтар