Жеңілдетілген несие арқылы көлік алғандар саны - 3 мың 500 адамға жетті

Жеңілдетілген несие арқылы көлік алғандар саны - 3 мың 500 адамға жетті

Жеңілдетілген несие арқылы көлік алғандар саны - 3 мың 500 адамға жетті
ашық дереккөзі
355

Жеңілдетілген автонесиеге бөлінген мемлекет қаражатының 75 пайызы игерілгендігі анықталып отыр. Аталған ақпараты Қазақстан Даму Банкі қаржыландырудың күнделікті мониторингін жасау барысында белгілі болды. Өткен сәуір, мамыр, маусым айларында отандық автомобиль өндірушілерінде көлік саудасындағы табыс күрт жоғарылаған. Нәтижесінде қазақстандық зауыттарда құрастырылған автокөліктердің ішкі нарықтағы сатылымы 12 пайыздан 30 пайызға дейін артқандығы байқалады.

Сөйтіп, осы уақытқа дейін елімізде 3 мың 500 адам жеңілдетілген несие арқылы көлікке ие болған. Борышкерлерге Қазақстанда құрастырлған 55 түрлі автокөлік арасынан таңдауға мүмкіндік берілген болатын. Өткен үш айда жеңілдетілген несиемен сатып алушылар «Киа», «Хендай» және «Шкода» маркалы жеңіл көліктерге таңдау жасапты. Алдағы уақытта да Қазақстан Даму Банкі екінші деңгейлі банктер тұтынушылар үшін 4 пайызбен несие беруді жалғастырмақ. Осы салада үстіміздегі жылдың қазан айына дейін қалған 8 млрд теңге игеріледі деп жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары