ЭКСПО-дан ұрланған 4,2 млрд теңге сыйақы ретінде алынған

ЭКСПО-дан ұрланған 4,2 млрд теңге сыйақы ретінде алынған

ЭКСПО-дан ұрланған 4,2 млрд теңге сыйақы ретінде алынған
ашық дереккөзі
271

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Айгүл Шайымова «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының экс-басшысықаражатты сыйақы күйінде алғандығын мәлімдеді. Яғни ұрланған қаржыдан 4,2 млрд теңгені сыйақы ретінде алынған. Есте болса, Талғат Ермегияев Қылмыстық кодекстің 176-бабының 4-тармағы бойынша өзгенің мүлкін жымқыру фактісімен күдікті ретінде танылып, 2 айға үйқамаққа алынған еді.

Оның алдында  «Астана ЭКСПО-2017» құрылыс департаментінің бұрынғы директоры Қажымұрат Үсенов ұсталып, ол да үйқамаққа алынған болатын. Ал таяуда ұлттық компанияның жұмыстан кеткен өзге қызметкерлеріне қатысты да ақпарат шықты. Бұған қатысты «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшаларында түсініктеме беріп те үлгерген.

«Т.Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы лауазымды қызметкерлерінің бір тобымен және жалған құрылған мекеме басшыларымен ЭКСПО-ға бөлінген бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқырды деген күдік бар. Тергеу амалдары Ермегияевтің ұрланған ақшадан заңсыз сыйыақы ретінде 4 млрд 200 миллион теңгені қолмақол ақша түрінде алғанын анықтады. Қазіргі таңда сот 10 адамды қамауға, үйқамаққа алу туралы шешім шығарды», ̶ дейді ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Айгүл Шайымова.

Серіктес жаңалықтары