Алматы облысында жаңа аудан құрылады

  Елбасы Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарллайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев  

Астана, Ақорда,

2018 жылғы 31 наурыз № 653  

 

Back to top button