ҚАЗКОМ: “БIЗ ЕРТЕҢ НЕ БОЛАТЫНЫН БIЛЕМIЗ!”

ҚАЗКОМ: “БIЗ ЕРТЕҢ НЕ БОЛАТЫНЫН БIЛЕМIЗ!”

ҚАЗКОМ: “БIЗ ЕРТЕҢ НЕ БОЛАТЫНЫН БIЛЕМIЗ!”
ашық дереккөзі
469

Қазкоммерцбанк ҚАЗКОМ сауда маркасымен “Бiз ертең не болатынын бiлемiз!” атты жаңа жарнама акциясын бастады. Қыркүйекте билбордтар мен газеттерде жаңа жарнама модульдерi жарық көрсе, республикалық телеарналарда ҚАЗКОМ-ның жаңа имидждiк бейне туындысы көрсетiлуде.

“Әлемге күн нұрымен қараңыз, сонда бәрi өз орнына келедi. Әрi тез түсiнесiз”. — “Күн” тақырыбы ҚАЗКОМ-ның жаңа жарнама модульдерiне де, жоғары дәрежелi көркем киноминиатюра секiлдi жаңа жарнама бейнеклиптерiне де ортақ. Өйткенi, күн нұры дамудың, ауқымдылықтың және болашаққа деген сенiмдiлiктiң символы. Бүгiнгi ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ертең қайтадан күн шығады. Өзiнiң сәулесiн шашып, шуағымен жылытып, жаныңды нұрға бөлейдi. Күн ауғандағы қорқыныштан да, үрейден де ада боласыз. Күн — Жердегi бар тiршiлiктiң бастауы. Осылай болды, осылай бола бередi.

Өмiрде де осылай: басына қиыншылық түскен кезде адамдар өздерiне деген сенiмдiлiктен арылып, болашаққа күдiкпен қарай бастайды. Сондай-ақ, көбiмiз мiнезiмiздiң кесiрiнен бұл түймедей қиыншылықтарды түйедей елестетемiз. Осындай жағдайда күн нұрына бөленiп, сәулесiне шомылсаңыз болғаны, өзiңiзге деген сенiм пайда болады. Уақыт өте бiз қиыншылықтарға шынығып, жiгерлене түсемiз. Сол себептен де “Бiз ертең не болатынын бiлемiз!” ұраны банктiң болашаққа нық сенiммен қарайтынын көрсетедi.

Айта кетерлiк жайт, бейне туынды интернационалдық ұжым жұмысының нәтижесi. Сценарийдi “Open eyes DDB-Kazakhstan” қазақстандық жарнама агенттiгi ойлап тапты. Deutsche Bank, FIAT, AEG, Wrangler, Dove үшiн жасаған туындыларымен көзге түскен ұлыбританиялық Питер Даррелл роликтiң режиссерi болып бекiтiлдi. Ал Питермен бiрге тандемда болған португалдық оператор — Луиш Бранкинью Оливейра (ол Coca Cola, KIA, Nissan-мен жұмыс iстеген). Түсiру жұмыстарын ұйымдастырған украиндық “Lime Lite Studio” видео продакшн-студиясы. Видео туынды Киевте түсiрiлдi. 50 адамды құраған жұмыс тобы бейне көрiнiс шынайы әдемi, көрсе көз тоймайтындай боп шығуы үшiн қолдан келгенiн де, келмегенiн де iстедi. Украинаның ең үздiк техникалық және креативтi мамандары шақырылды. Бүтiн автоколонна 45 данадан астам арнайы құрал-саймандарды тасыды. Питер Даррелл ролик жайлы былай дейдi: “Канн Арыстанына лайық сапалы өнiм шығарғым келдi. Ал бұл жоба еуропалық стильге және сапасына сай!”.

“Бiз ертең не болатынын бiлемiз!” ортақ атауымен шыққан ҚАЗКОМ-ның жарнама кампаниясының екiншi бөлiмi эмоцияға толы бейне туындының рационалды қосымшасы iспеттес. Көркем және эмоцияға толы жарнама роликтерiмен бiрге баспасөзде және көшелердегi жарнамаларда ҚАЗКОМ-ның жаңа имидждiк суреттерi жариялана бастады. Бұл жарнамалардың да маңызды элементi Қазақстанның экономикасын көтерiп, дамытып жатқан жобаларға өз шуағын шашқан күн болып табылады. Өйткенi банк елiмiздiң ондаған маңызды жобаларын қаржыландырып жүрген жергiлiктi iрi инвесторлардың бiрi.

Экономикамызға қомақты қаражат салатын банк ертеңгi күнге сенiммен қарай алады. Мәселен, “Ертең” Қазақстанның оңтүстiгi елiмiздiң солтүстiгiнен транспортталатын электр энергиямен қаматамасыз етiледi. Осы жобаға құйылған инвестиция 92 млн. доллар. Ал Алматы әуежайына заманауи техникамен жабдықталған жаңа ұшу-қону алаңы салынды. Ендi әуежай тәулiктiң кез келген уақытында ауа райының құбылуына қарамастан ұшақтарды қондырып, шығара алады. Салынған инвестиция 50 млн. долларды құрады. Бұл банк қаржыландырып отырған жалғыз инвестициялық жобалар емес. Сондықтан ҚАЗКОМ жарнамасын жiберiп алмаңыздар!

Серіктес жаңалықтары