«АЛТЫН ЖҮРЕК» МОНУМЕНТI АШЫЛДЫ
«АЛТЫН ЖҮРЕК» МОНУМЕНТI АШЫЛДЫ
Елордамыз ел кiндiгi Арқа төрiнде ту тiккелi берi тәуелсiз республикамыздың өрлеуi мен өркендеуiнiң нышанына айналды. Ол iрi саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми орталығы болып отыр. Егемендiгiмiздiң перзентi – Астана қаласы күннен күнге көркейiп, құлпырып келедi. Оны қазiр барша жұрт қызыға тамашалауда. Халқымыз бүгiнде онымен мақтанатын болды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Астананы әлемдiк деңгейдегi қала жасау қажеттiгiн ең басты мiндеттердiң бiрi етiп қойған. Бұл – Еуразиядағы сәулетi мен сәнi келiскен, ең жайлы және қолайлы, үлгi тұтатын астаналардың бiрiне айналуы тиiс.
Тәуелсiздiгiмiздiң символына айналған Астана қаласының iргетасының қаланғанына 10 жыл толатын торқалы тойдың да ауылы алыс емес. Осыған орай "Бауыржан" қайырымдылық қоры Елордамыздың мерей тойына арнап қайырымдылық белгiсi ретiнде "Алтын Жүрек" монументiн сыйға тартты. Бұл бастамаға Астана қаласының әкiмшiлiгi қолдау көрсетiп, әкiмшiлiк тарапынан "Алтын Жүрек" монументiне арнап "Ғашықтар" саябағынан жер бөлiнiп бердi.
Қайырымдылық аясындағы Ұлттық "Алтын Жүрек" сыйлығы, баршаға түсiнiктi әрi танымал жүрек пен қан тамшысын жақыныңа жәрдемдесу мен махаббаттың айғақ бейнесiнiң символы етiп алды. Қайырымдылық жасау – көмекке зәру әрi демеушiлiкке мұқтаж жандарға жәрдемдесумен қатар үлкен әлеуметтiк жауапкершiлiк. Қазақстан өз азаматтарына демократияның теңдiк пен жауапкершiлiк позициясын таңдады. Әрбiр дамыған мемлекетте, қайырымдылық қоғам өмiрiнiң ажырамас бөлшегi болып табылады. Қайырымдылық институты жаңа серпiлiс алу арқылы, мақсатына мықтап бекiнген бiздiң Республикамыз да белсендi озықтар қатарында болуы шарт. Өзге салалардың дамуымен, қайырымдылыққа тиесiлi көңiл бөлiнiп, мұнымен айналысатын жеке тұлғалар мен мекемелер саны өсуде. Болашақта мемлекет бейнесi болатын дәл осы жас қала – Астана, мемлекет қадiр тұтатын жалпы адамдық құндылықты бiлдiретiн символдар көзiн шоғырландырды. Өткен күндер дәстүрi бүгiндерi монумент бейнесiнде маңызды жетiстiктермен үйлесiм табуда: Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайы – Н.Фостердiң азаматтардың дiн таңдау қалауына толеранттылық бiлдiрудiң сәулет шедевiрi, "Қазақ Елi" – күш сомдауы, қазақ елiнiң салт-дәстүрi ауызбiршiлiгi, репрессияға ұшыраған жандарға арналған монумент – қайғы мен қасiреттi бастан кешкен өткен ұрпақ толқынына "ешкiм де ұмытылмас!" деген сый-құрмет белгiсi. Мұндай мазмұнды сәулет санатына "Алтын Жүрек" монументi де қосылады. Жақыныңа деген махаббаттың эстетикалық символы ретiнде және де көмек көрсету үшiн шын ниеттен қайырымдылық жасауға шақыратын монумент мазмұны, Егемендi Қазақстанның көздеп отырған принциптерiнiң бiрi.
Монумент астананың көрiктi жерiне айналумен қатар, некелесетiн ғашықтардың белгiлiк мүсiнiне айналуы әбден мүмкiн. Сонымен қатар, монумент әрбiр ел мен әрбiр адам қастерлейтiн уақытқа бағынышсыз махаббат құндылығын еске салады. Ал бұл құндылық сұлулық сияқты әлемдi сақтап қалуға қабiлеттi.
"Түркiстан-ақпарат"