Розақұл Халмұрадов: 2020 жылы мектеп бітірушілердің 100 пайыз қазақ тілін меңгеруі мүмкін бе?

Розақұл Халмұрадов: 2020 жылы мектеп бітірушілердің 100 пайыз қазақ тілін меңгеруі мүмкін бе?

Розақұл Халмұрадов: 2020 жылы мектеп бітірушілердің 100 пайыз қазақ тілін меңгеруі мүмкін бе?
ашық дереккөзі
350

Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Розақұл Халмұрадов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповке депутаттық сауал жолдады.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтардың санын 95 пайызға дейін жеткізу, мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі керек деген міндет қойылғандығын еске алған депутат осы салаға қатысты бірқатар мәселелердің басын ашып алуды көздейді.

«Мемлекеттік бағдарламадағы осы нысаналы индикаторларды іске асырудың бір тетігі ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан еліміздегі қазақ тілінен басқа ұлттық тілдерде оқытатын мектептерде көптілді және билингвальді білім беруді енгізудің 2013-2015 жылдарға арналған жол картасы бекітілген болатын. Онда аталған мектептерде негізгі пәндер бір мезгілде бір сабақ үстінде екі немесе үш тілде жүргізілуі немесе кейбір пәндерді қазақ тілінде оқытылуы қарастырылған. Бұл әдіс Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданындағы Ю.Сареми атындағы өзбек тілінде сабақ беретін мектеп-гимназияның тәжірибесінде оң нәтиже берген. Көптілді және билингвальді білім беру туралы жол картасын бекітілгеніне екі жыл толды», - дейді депутат.

Өткен уақыт ішінде елімізде қазақ тілінен басқа тілдерде оқытатын облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша қанша мектептер бар, солардың қаншасында қайсы пәндерді қазақ тілінде оқыту қолға алынғандығына қызығушылық танытқан ол А. Сәрінжіповке бірқатар сұрақтар жолдады. Жалпы алғанда 2020 жылға қарай мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі үшін қандай іс-шаралар атқарып жатқандығын Білім және ғылым министрлігі депутат Розақұл Халмұрадов сұрағына жауап бергенде мәлімдейтін болады.

Серіктес жаңалықтары