ӨҢІР ЖУРНАЛИСТЕРІ ЖӘНЕ ЖАҢА МЕДИА

ӨҢІР ЖУРНАЛИСТЕРІ ЖӘНЕ ЖАҢА МЕДИА

ӨҢІР ЖУРНАЛИСТЕРІ ЖӘНЕ ЖАҢА МЕДИА
ашық дереккөзі

Жақында Ақтөбе қаласында Билайн­ сау­да белгісімен «КарТел» ком­па­ниясының қолдауымен «Мінбер» жур­на­листерді қолдау орталығы Батыс Қа­зақ­с­тан өңірінің журналистеріне арнап екі күн­дік «Жаңа медиа және қазақ журналис­тикасы» тақырыбында семинар­-тренинг өткізіп қайтты. Тренингке Ақтөбе, Ақтау, Орал және Атырау қалаларынан 15-ке жу­ық журналист қатысты.

«Тренингтің басты мақсаты — ме­диа­­технологияларды қазақтілді жур­на­лис­тердің арасында насихаттау. Бүгінде те­лекоммуникациялық қызметтердің да­муы барысында журналистер Wi-Fi­ немесе Интернеттің стационарлық нүкт­е­сі­нен еш қиындық көріп отырған жоқ. Bee­line-ның сенімді әрі нақты байла­­ныспен қамтылған аймағындағы бар­лық қазақстандықтардың 80 пайызы­ өз ұялы телефондарынан интернет же­лі­сіне шыға алады. Ұялы телефон ар­қылы журналистер өз аймағының жа­ңа­лығын тез арада жеткізіп үлгере алады. Блогтарда жұмыс жасау, жаңа таныстар табу және жаңа медиаларды пай­далану – журналистердің кәсіби шеберлігін арттырады. Айналып келгенде, бұл қазақтілді интернеттің дамуына, телекоммуникациялық тақырыптағы мақалалардың көбірек жарық көруіне әкеп соғары сөзсіз», – деп атап өтті «КаР-Тел» ЖШС PR менеджері Анар Жұ­ма­ғұ­лова.

«Мінбер» қоғамдық қорының же­тек­шісі Есенгүл Кәпқызының ай­ту­ын­ша: «Жаңа медианың қоғамға ықпалы әрі­ қарқынды дамып келе жатқан телеком­му­никация нарқын қазақ тілінде сарап­тау жайы баспасөзде аз қамтылған та­қы­рыптардың бірі. Өткен тренинг журна­лис­терге осы салаға жаңаша үңілуге, жаңа­ медианың көмегімен бұқараға мә­ліметті еркін әрі жылдам жеткізуге жол ашты деп ойлаймын. Өңірлерде осы салаға қатысты тренингтер қазақ ті­лінде жиі ұйымдастырылмайтыны белгілі. Сондықтан осы іске мұрындық болып, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының бастамасын қолдаған Beeline тренингі өзгелерге үлгі болады деп сен­гім келеді».

Beeline журналистерге қатысты ти­ім­ді әрі пайдалы семинарларды дәстүрлі түр­де ұйымдастырып келеді. Ақтөбе қа­ласында өткізіліп отырған семинар екінші семинар-тренинг. Бұдан бұрын мұндай тренинг Оңтүстік Қазақстанда ұйымдастырылған еді. Алда мұндай семинар-тренингтерді Қазақстанның барлық аймақтарында өткізу жоспарда бар.