ГҮЛНӘРДІҢ ӨЛЕҢДЕРІ

ГҮЛНӘРДІҢ ӨЛЕҢДЕРІ

ГҮЛНӘРДІҢ ӨЛЕҢДЕРІ
ашық дереккөзі

Гүлнәр Жандосова өлеңдерін орыс тілінде жазады. Жуырда оның жырларын ақын Мылтықбай Ерімбетов қазақ тіліне аударып, «Гүлнәр Жандосова. Өлеңдер» деген атпен кітап етіп шығарды. «…Гүл­нәр­дің мен аударған өлеңдері менің көңіл-күйіме қатты әсер етті. Қолыңыздағы осы кітап Гүлнәрдің сырлары сияқты менің де жүрегімнің сынықтары, үмітімнің ұшқындары, ғұмыр жетпес армандарымның тұнықтары сияқтанады. Қаламгерге ешкім көмектесе алмайды, жазу майданында ол жалғыз, Құдайдың жалғыздығы сияқты… Ол: «Ардақ тұтқан жанымның, Жалғыздығын түсінер, Ақ, қараны айырғыш, Өзіңіздей кісілер»,– деп әдебиетке шын жаны ашитын оқырман ретінде Гүлнәрдің қазақша өлеңдерімен танысып көрерсіз»,– дейді аудармашы.

«Түркiстан-ақпарат»