ӨНДIРIСI ӨРКЕНДЕГЕН ОҢТҮСТIК

ӨНДIРIСI ӨРКЕНДЕГЕН ОҢТҮСТIК

ӨНДIРIСI ӨРКЕНДЕГЕН ОҢТҮСТIК
ашық дереккөзі
223
 

Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Асқар Мырзахметов мырзаның жер­гi­лiктi мәс­лихат де­путаттарының алдында жетi айда атқарған жұмыстары жө­нiн­дегi есе­бi ешкiмдi бей-жай қалдырған жоқ. Өткен жетi айда облыстың әлеу­меттiк-эко­номикалық саласында iл­ге­рi­леу­шi­лiк жасалған. Өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, кәсiпкерлiк қалыпты да­мып, об­лыс тiптi бiр­қатар көр­сет­кiштер бойынша ауыз толтырып ай­тарлық табысқа жеткен. Ай­талық…

  «Индустриялдық аймақтың» келешегi зор 2011 жылдың 7 айында облыста 198,2 мил­­ли­­­ард теңгенiң өнiмi өндiрiлген. Өткен жыл­­дың осы мерзiмiнде бұл көрсеткiш 165,1 мил­­лиард теңгенi құраған болатын. Жыл ба­сы­нан жаңа кәсiпорындардың бой түзеуi, өн­дi­­рiстiң кеңеюi есебiнен 5401 жаңа жұмыс орны ашылды. Сапа менеджментi жүйесiн ен­­гiзген кәсiпорындар мен мекемелердiң са­ны 303-ке жетiп, 34,7 пайызға өскен. Шым­кент қаласындағы бұрынғы фосфор зауытының орнынан құрылған «Индус­три­­ал­дық аймақ» жобасы ойдағыдай жү­зе­ге асып келедi. 2011 жылы аймақтың ин­фра­құ­­рылымын дамытуға 1,4 миллиард теңге бө­­лiн­дi. Биыл онда 16 инвестициялық жоба­ны iс­­ке қосу жоспарланса, өткен 7 айда оның бе­­сеуi iске асқан. – «Индустриалды-инновациялық даму» мем­­­­ле­кеттiк бағдарламасының аясында 2011 жылға жалпы сомасы 41,3 миллиард теңгенi құ­райтын 63 жоба жоспарланып, соның нә­ти­жесiнде 4651 жаңа жұмыс орнын ашу көз­делген. Оның iшiнде индустриаландыру кар­тасына 31 жоба енгiзiлдi. Бүгiнде сол 31-дiң 15-i iске асырылып, 908 адам жұмыспен қам­тылды. Жыл аяғына дейiн, кестеге сәй­кес келген 16 жоба iске қосылып, 1190 жаңа жұ­мыс орны ашылатын болады,–дедi Асқар Иса­бекұлы. Об­лыста мақта кластерiн дамыту үшiн құ­рыл­ған «Оңтүстiк» арнайы экономикалық ай­­мағының инфрақұрылымын аяқтауға қа­­зы­надан 36 миллион теңге қаралды. Бү­гiнде ай­мақ­тың темiр жолдан басқа инфрақұрылымы то­лығымен аяқталды. Ендi аймаққа жаңа жо­ба­­лар тарту мақсаты тұр. Осы бағытта тоқыма бұйымдары өн­дiрiсiн ұй­ым­дастыру көзделiп отыр. Жо­ба­ның құны – 561 миллион теңге. Ол жү­зеге асқанда жүн мен түбiттен жасалынған өнiм­дердi шы­ғаруға болады. Аталған жоба был­тыр 5 қазанда мақұлданып, қараша айында құрылыс жұмыстары басталған. Оның аяқ­­та­лу мерзiмi 2012 жылдың қаңтар айына бел­гiленген. Сонымен бiрге тiгiн фабрикасы және арнайы материалдар өндiру цехын iске қо­су көзделiп отыр. Бұл жобаның құны – 251 мил­лион теңге. Ол жүзеге асса цех­та жылына – 150 мың дана арнайы кос­тю­м­дер тiгуге бола­ды. «АГФ групп» ӨК» ЖШС-нiң бұл жобасы 2011 жылдың ақ­­панында мақұлданып, мамыр айында құ­ры­лыс жұмыстары басталды. Сәтiн сал­са кә_сiп­орын құрылысының аяқталу мер­зiмi келер жылдың бiрiншi тоқсанына бел­гi­лен­ген. Жетi айда облыста 485 кәсiпкерлiк ны­­сан­­дарына «Даму» қорынан 18,7 миллиард тең­ге несие берiлдi. 2011 жылдың 7 айында «Максимум» аймақтық инвестициялық ор­­талығы арқылы қаржыландырылған жо­ба­лар­­дың саны артқан. – «Максимум» осы мерзiм аралығында өзi­­нiң өмiршеңдiгiн дәлелдедi. Мәселен бұ­ған дейiн орталыққа 2224 жоба келiп түс­се, оның 1808-i мақұлданды. Жетi айда со­ның 1492-сi қаржыландырылып отыр. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 1400 жо­ба­ға артық. Осының өзi «Максимумның» маң­ыздылығын көрсетедi. Бiрақ жеткен жетiстiгiмiзге тоқмейiлсiмей, ары қа­рай еңбек ету керек. Ендiгi жерде ауыл-ай­мақ­тардағы орталықтың филиалы немесе өкiл­дiк­терiнiң жұмысын жандандыруды қолға алу қа­жет. Алдағы уақытта арнайы орталық ашы­лып, тұрақты түрде инновациялық идея­лар жәрмеңкесi өткiзiлiп тұратын бола­ды. Ендi қазан айында облысқа инвестиция тар­ту, облыстың мүмкiншiлiгiн көрсету мақ­са­тында – үлкен аймақтық форум жоспарланып отыр, – дедi облыс басшысы. Жетi айда облыста ауыл шаруа­шы­лы­ғы­ның жал­пы өнiм көлемi 68,3 миллиард тең­ге­нi құрап, былтырдың осы кезеңiмен са­лыс­­тырғанда 3,2 пайызға артты. Соңғы екi жыл­да 77 мың гектар суармалы жер қай­та айналымға қосылып, 9 мыңнан астам жа­ңа жұмыс орны ашылды. Бұл жұмыс биыл да жалғасын тауып отыр. Жыл со­ңына дейiн тағы 26,7 мың гектар жер ай­на­­лымға қосылады. Егiстiк жерлердi ағын су­­мен қамтамасыз ету үшiн иесiз қалған ұзы­н­­дығы 9974 шақырым 1406 канал ком­му­нал­дық меншiкке берiлдi. Барлық аудандар­да су бе­рушi коммуналдық мекемелер құрылып, олар сапалы қызмет етуi үшiн 954 миллион тең­геге 236 дана жаңа техника са­тып алынды. Сонымен бiрге Шардара су қой­масынан Мақ­тарал ауданының 90 мың гек­тар егiс ал­қап­тарына сорғыштар арқылы ағын су жобасы iске қосылды. Құны 13,5 мил­лиард тең­ге­нi құраған жобаны ғасыр құ­ры­лысына балап жатқандар да бар. заманның талабы Оңтүстiк Қазақстан облысы жылыжай мен та­мшылатып суару әдiсiн енгiзуде алда ке­­ледi. Қашанда жаңалықты жатырқамай қа­­былдайтын облыс диқандары өткен жетi ай­да жылыжайлар көлемiн 51 пайызға ұл­ғай­­тып, 315 гектарға жеткiздi. Жыл соңына дей­­iн оның көлемiн 370 гектарға жеткiзу ме­же­­ленiп отыр. Тағы бiр тың тәжiрибе– жалпы бiлiм беретiн 93 мектептiң жанынан 11,5 гек­­тар жерге жылыжай құрылысы салынды. Ал тамшылатып суару технологиясы 4852 гек­­тар жерге ендiрiлдi. Жыл соңына дейiн оның көлемiн 19,0 мың гектарға жеткiзу жұ­мыстары жүргiзiлуде. Атап өтерi 2009 жыл­дың басында облыста тамшылатып суару әдi­сi бар жоғы 1 мың гектарға енгiзiлген бо­­латын.Халықты бақша өнiмдерiмен жыл бойы қам­­тамасыз ету үшiн көкөнiс сақтау қой­ма­ла­­рын жасақтау жұмыстары да оң нәтиже бе­рiп отыр. Бүгiнгi күнге дейiн қолда бар 38 қойманың жалпы сыйымдылығы 80 мың тоннаны құрайды. Жыл соңына дейiн оның көлемiн 150 мың тоннаға жеткiзу жұ­мыс­та­ры жүргiзiлуде. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өң­деу көлемi 50 миллиард теңгенi құрап, был­тырмен салыстырғанда 8,4 миллиард тең­геге артқан. 3 сүт, 2 ет, 2 жемiс-жидек пен көкөнiс өнiмдерiн өңдейтiн және 2 жүн өңдейтiн қайта өңдеу кәсiпорындары жаңа­дан iске қосылды. Қаржы институттары ар­қы­лы агроқұрылымдарға 6,5 миллиард теңге не­сие берiлiп, ол 2 есеге артқан. – Азық-түлiк бағасының қымбаттауының ал­дын алу үшiн ауылдан келген ша­руа­лар­ға Шымкент қаласында қосымша 340 әлеуметтiк сауда қатарлары ұйым­дас­тырылды. Аталған орындарға салық және жерге ақы төленбейдi. Ауыл шаруа­шы­лық өнiмдерiн сататын 23 сауда дү­кен­дерi ашылды. Сондай-ақ апта сайын жәр­мең­ке ұйымдастырылуда. Облыста ауыл ша­руашылық өнiмдерiн өндiру, сатып алу, сақтау және сатуды қаржыландыру ме­ханизмi әзiрлендi. Ендi «Максимум» ай­мақтық инвестициялық орталығы ар­қы­лы «Шымкент қаласындағы сауда-ло­гис­ти­калық орталығы» ЖШС-iн 500 мил­лион теңгеге қаржыландыру жоспарлануда. Атал­ған орталық фьючерстiк шарттар не­гi­­зiнде жергiлiктi ауыл шаруашылығы өнi­мiн өндiрушiлерден өнiм сатып алу, сырт­тан әкелiнетiн өнiмдердi жеткiзумен жә­не оларды қоймаларда сақтап, қажет ке­зiн­де оларды сатқызу, коммуналдық базар ашу жұмыстарын жүргiзетiн болады. Ал олардың сатып алу және сату бағасы об­лыс­тық штабпен келiсiлiп отырады, – дедi А.Мыр­захметов. Жал­пы алғанда 2011 жылға арналған облыс бюджетiнiң жалпы көлемi 309,0 милли­ард теңге құрап, 19,2 пайызға өстi. Кiрiстер кө­ле­мi 180,8 миллиард теңгенi құрады, оның iшiн­де жергiлiктi бюджет кiрiсi 14 пайызға арт­қан. Жергiлiктi бюджеттiң әрбiр салық көз­дерiне талдау жасалып, өзiндiк кiрiстер 53,8 миллиард теңгеге жеткiзiлдi немесе бе­кi­тiл­ген бюджетпен салыстырғанда 5,2 миллиард теңгеге ұлғайтылды. Жұмыстарын толық ат­қармай тұрған жылды шығынмен аяқтаған ком­муналдық меншiктегi заңды тұлғаларды оң­тайландыру, әрi бiрiктiру жұмыстары жүр­гiзiлдi. Мемлекеттiк үлесi бар заңды тұл­ғалар 477,8 миллион теңге пайдамен аяқ­тады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 212,5 миллион теңгеге артқан. Сондай-ақ об­лыста иесiз және кезiнде жекешеленiп, пай­даланбай тұрған нысандарына түгендеу жұ­мыстары жүргiзiлдi. Нәтижесiнде, пайда­лан­бай, тозуға айналған 100-ден астам ны­сандарды қалпына келтiру үшiн бюджет қар­жылары есебiнен және мемлекеттiк және жеке меншiк әрiптестiк аясында пайдалану үшiн тиiстi жұмыстар атқарылатын болады. Шымкенттiң шырайы артып келедi Жетi айда облыстың бiлiм беру саласына бюд­жеттен 119,3 миллиард теңге қаралып, 20,9 пайызға артты. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша облыста 39 бi­лiм беру ғимаратын салу жоспарланып, оның барлығы аяқталды. Соңғы нысан – Шаян ауылындағы мектеп-интернат биылғы жаңа оқу жылында пайдалануға берiлдi. – Бұл бiрнеше жылдан берi бiтпей келе жат­қан «сақалды» құрылыс болатын. Жалпы бiлiм саласындағы барлық «сақалды» құ­рылысты жаптық. Анықталған 29 үш ауы­сым­­да бiлiм беретiн, апатты жағдайдағы 62 мек­тептердiң мәселесi толық шешiлдi,–дедi об­лыс әкiмi. Об­лыста бүгiнгi күнi «Балапан» бағдарла­ма­сы аясында 3-6 жасқа дейiнгi балаларды мек­теп­­ке дейiнгi бiлiм берумен қамту 6,5 пайызға ар­­тып, 36,9 пайызға жеттi. Жыл­дың соңына дей­iн бүлдiршiндердiң ба­­лабақшамен қам­ты­­­луы 50 пайызға жеткiзiлмек. Сонымен бiрге облыста жыл аяғына дей­­iн 59 ден­саулық сақтау нысандары iс­ке қосылатын бо­лады. Бүгiнде, оның 8-i пайдалануға бе­рi­лiп қойылды. 40 ден­­сау­лық сақтау ны­сан­да­­рына күрделi жөн­деу жұ­мыстарына 2,8 мил­лиард теңге қа­рас­тырылды. Облыста мәдениет, спорттық-сауықтыру ша­­раларына, ғимараттарын салуға ерекше на­­зар аударылып келедi. Биыл мәдениет са­ла­­­­сына 2,9 миллиард теңге қаралып, ол 35,5 пай­­ызға артты. Тәуел­сiздiгiмiздiң 20 жылдығына арнал­ған 5 480 iс-шаралар өткiзiлдi. Спорт ны­сан­да­­ры­ның құрылысына бюджеттен – 2,5 мил­ли­­ард теңге қаралып, 3,2 есе артып отыр. Жыл аяғына дейiн облыс орталығында тен­нис ор­талығы, спорттық манеж, жа­бық бассейн, Түр­кiстан қаласында О. Жа­рыл­қапов атындағы және Шымкент қа­ла­­сында Қажымұқан атын­да­ғы орталық стадиондарының қайта жөндеу жұ­мыстары аяқталады. Шымкент қаласын абаттандыру, көгал­дан­­ды­ру мақсатында бiрқатар жүйелi жұ­мыс­тар жа­­салуда. Атап айтқанда, облыс әкi­мiнiң бас­­шылығымен әр дүйсенбi сайын Шым­кент қаласын көркейту, архитектуралық жо­­­ба­ларды iске асыру туралы мәжiлiс өт­кi­зi­лiп, жобалар жан-жақты сарапталып, ше­шiм қа­былданып келедi. Осындай жұмыстың нәтижесiнде «Ден­дро­­са­я­­бақ», «Жеңiс», «Металлургтер», «Абай» және «Орталық» саябақтары күрделi жөн­деу­ден өтiп, жаңғыртылып, пайдалануға бе­­рiл­дi. «Отан-Ана» тәуелсiздiк монументi, «Даңқ ме­мориалы», «Шәмшi әлемi», «Неке сарайы», Абай мұражайы, Тұрар Рысқұлов ес­керткiшi мен алаңшасы, «Көпiр», Көр­кем­сурет галереясы, «Орталық субұрқақ», «Жас­тар аллеясы», «Спортшылар аллеясы», «Рә­мiздер алаңы», Жастар орталығы, «Хан қор­ғаны» және «Жiбек жолы» композициясы жасалып, Темiр жол вокзалы мен онымен iр­гелес аймақ күрделi жөндеуден өттi. Орталық көшелер мен алаңдар, басқа да әкiм­шiлiк, коммерциялық ғимараттардың кiре берiстерiнде қосымша автотұрақтар са­лынып, жол кеңейту жұмыстары ат­қа­ры­луда. Жол қиылысындағы алаңқайлар кө­галдандырылып, 14500 шаршы метрге көп­жылдық гүлдер мен декоративтi ағаш отыр­ғызылды. Соңғы 2 жылда Шымкент қа­ласының маңындағы 2500 гектар жерге 1 мил­лионға жуық ағаш егiлдi. Жаңа жобалар биыл да атқарылып жатыр. Со­лардың ең бастысы – «Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы» атындағы саябақ. Саябақ ау­мағына «Алтын шаңырақ» ел бiрлiгi мо­ну­мен­тi, «Тәуелсiздiк шежiресi» соңғы үлгiдегi фон­тан және басқа да көркейту элементтерi ор­на­тылатын болады. Жыл аяғында «Цирк», жең­iл­атлетикалық манеж, халықаралық дең­гей­де­гi бассейн, үлкен тенис кешендерi iске қо­сылады. Екiн­шi үлкен жоба – қорғасын зауытын жауып, Бадам өзенiн көрiктендiрiп, халық де­ма­­латын аймаққа айналдыру. Бұл жөнiнен бү­гiнде тиiстi жұмыстар жүргiзiлуде. Қала орталығындағы 13 көп қабатты үйлердi күр­делi жөндеуден өткiзiп, қала көркiн көр­кей­ту жұмыстары басталды. Түн­гi қаланың шырайын келтiру мақ­са­тында 15 жерге жарық шамдармен безен­дi­рiлген жол үстiндегi темiр кермелер орна­тыл­ды. Сон­дай-ақ, жарықтандырылатын кө­шелер саны 44-тен 72-ге жеттi. Аталған жұ­мыс­тар ағым­дағы жылы жалғасын тауып, екiн­шi-үшiн­шi деңгейлi 32 көшенi қосымша жа­­рық­тан­дыру жобасы әзiрленуде. Кө­шелердi орта жөндеу жұмыстары да на­зар­дан тыс қалмай, 2011 жылы қаламыздың 105 көшесiнде орташа жөндеу жұмыстары жүр­­гiзiлуде. Көше қиылыстарында стан­дарт­тарға сай көше аттары, жол белгiлерi көр­сетiлген арнайы темiр конструкциялар ор­на­тылды, бағдаршамдар реттелуде. 537 көпқабатты үй ауласының 245-iнде кө­­рiктендiру жұмыстары қолға алынып, ба­ла­лар ойын алаңшаларына түрлi ойын эле­мент­­терi орнатылуда. Бұл жұмыстар келер жы­лы да жалғасын табатын болады. Сондай-ақ Шымкентте инвесторлардың есе­­­бiнен 5 жұлдызды екi қонақүй салынбақ. Құ­­рылысын бастау 2011 жылдың аяғына жос­­парланып отыр. Облыс әкiмi Мырзахметовтың атқарған жұ­­мыстарын облыстық мәслихаттың де­пу­­­таттары оң бағалады. Сондай-ақ халық қа­лаулылары облыстағы халық көп қо­ныс­танған Мақтаарал, Сарыағаш аудандарын қай­та бөлу мәселесiн көтердi. Айта кетерi, бұл мәселенi депутаттар бұған дейiн де кө­терген болатын. Алайда аудан шекара­сын өзгерту тек Үкiметтiң құзырында. Үкi­мет мақтааралдық және сарыағаштық тұрғын­дар­дың тiлегiн әзiрге ескермей келедi. Мақ­таарал ауданы бұрынғы Жетiсай, Мақ­та­рал, Киров аудандары, ал Сарыағаш ауданы бұ­рынғы Сарыағаш, Келес аудандарының бi­рiктiрiлуiнен құрылған. Аталған аудан­дар­да тұратын халықтың саны 250 мыңнан 350 мыңға жетедi. Ал бұл дегенiңiз респуб­ли­кадағы кiшiгiрiм облыстардың халқымен тең. – Осы жөнiнде бiз Үкiметке ұсыныс бер­­ген­бiз. Алайда бұл мәселенi шешу өте күр­делi болғандықтан, нақты бiр шешiм қа­былданған жоқ. Ол әлi де талқылану үс­тiн­де,– дедi облыс әкiмi.  
Дайындаған Бақыт ЕРНАЗАР
 
06.10.2011

Серіктес жаңалықтары