"Елестете алмадық": Қайрат Нұртас қуанышты жаңалығын көпшілікке жеткізді (ВИДЕО)

/
"Елестете алмадық": Қайрат Нұртас қуанышты жаңалығын көпшілікке жеткізді (ВИДЕО)
turkystan.kz коллажы

Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас тыңдармандарына жағымды жаңалық ұсынды. Әнші украиналық танымал орындаушы Светлана Лободамен дуэт жазып жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Loboda Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, қазақ тыңдармандарына үндеу жолдады.

"Қазақстан, сәлем! Біз елестете де алмаған дуэт – жақын арада", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты қызу талқылап, қос өнерпаздың шығармашылық бірлігін халықаралық деңгейдегі тың жоба ретінде бағалауда. Әзірге әннің атауы мен жарыққа шығу уақыты нақты айтылған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар