ЗҰЛЫМДЫҚ ҚҰДАЙСЫЗДЫҚТАН ТУАДЫ
ЗҰЛЫМДЫҚ ҚҰДАЙСЫЗДЫҚТАН ТУАДЫ
Адамзат тарихындағы атақты оқымысты-ғалымдардың қай-қайсысын алсаңыз да барлығы жаратушы бiр Тәңiрдiң барлығын жоққа шығармаған. Өйткенi табиғатты зерттеп,таным көкжиегi кеңейген сайын адам баласы ұлы Құдыреттi тани түседi. Ардақты пайғамбарымыздың көп хадисiнде бiлiм үйренуге шақыратыны осыдан. Құран Кәрiмде Алла Тағаланың өзi де "Бiлiмдiлер мен надандардың тең болмайтынын" ескертiп өтедi. Өйткенi Құдайды бiлiмсiз тану мүмкiн емес.
Альберт Эйнштейн де Құдыреттiң барлығына кәмiл сенетiн. "Осы бiр теңдесi жоқ ғажайыпты жаратушының Даналығына Ғаламды тани түскен сайын әр кез тәнтi боламын" деген сөздi айтқан осы кiсi болатын. Оқымысты кейiн дәулетi артып, өзiнiң сұлулыққа деген құштарлығын азда болсын басу үшiн камин сағаттарын коллекциялаумен айналыса бастайды. Бiр күнi оның қолына XVII ғасырда жасалып, тұтас ағашпен көмкерiлген керемет сағат түседi. Коллекциясындағы ең бiр мақтанатын дүние ретiнде оны каминнiң төбесiне шығарып қояды. Осы кезде оның құдайға мүлде сенбейтiн бiр оқымысты досы үйге бас сұғады. Сағатқа көзi түскен әлгi досы оны жасаған шебердiң атын сұрайды. Эйнштейн оған: "Ешкiм жасаған жоқ, сағат өзiнен өзi пайда болды", – деп қалжыңдап жауап бердi. Бiрақ досы, ондайдың мүмкiн емес екенiн, кез-келген заттың иесi болатынын айтады. Сонда Эйнштейн былай дейдi: "Сендер, Материалистер, осы қызықсыңдар. Әрбiр қарапайым нәрсенiң иесi болуы керек дейсiңдер де, ал кез-келген сағаттан да күрделi, керемет тәртiппен құрылған ғаламды өзiнен-өзi пайда бола қалған деп тұжырым-дайсыңдар". Араларындағы осы әңгiмеден кейiн Эйнштейннiң атеист досы көп ұзамай Құдайға сенетiн адамдардың қатарына қосылған деседi.
Бiрде профессор студенттерге: "Әлемдегi барлық нәрсенi Құдай жаратқан ба?" деп сұрақ қояды. Бiр батыл студент көп кiдiрместен "иә, Құдай жаратқан" деп жауап бередi. "Құдай бәрiн жаратқан ба?" деп қайталаған профессорға әлгi студент "иә,сэр" дейдi. Профессор жаңағы студенттен: "Егер Құдай бәрiн жаратса, онда зұлымдықты да сол жаратқан ғой. Егер логикаға жүгiнсек, онда Құдай деп жүргенiмiз зұлымдықтың өзi болып шықпай ма?" деп сұрапты. Мұндайды күтпеген студент жауап беруден тосылып қалады. Шәкiрттерiмен сөзталастырудан жеңiп шыққанына масайраған профессор студенттердiң алдында Құдайдың жоқтығын тағы да дәлелдеп бердiм деп мақтанады. Осы кезде залдағылардың бiреуi қолын көтерiп: "Сұрақ қойсам бола ма?" деп рұқсат сұрайды. Орнынан көтерiлген әлгi студент: "Профессор, осы суық дегенiмiз бар нәрсе ме?" деп сұрайды.Профессор: "Бұл неғылған сұрақ? Әрине, бар. Сен өмiрi тоңып көрмеген адамсың ба?" деп отырғандарды ду күлдiредi. Жiгiт болса: "Негiзi, сэр, суық дегенiмiз жоқ нәрсе. Физика заңдылығына сүйенсек, бiздiң суық деп жүргенiмiз жылудың жоқтығын бiлдiредi",– дейдi. Сөзiн ары қарай сабақтаған студент: "Профессор, қараңғылық бар нәрсе ме?"–деп сұрайды. Профессор "әрине,бар" деп жауап қатады. "Сiздiкi дұрыс емес,-дейдi тағы студент. Қараңғылық дегенiмiз жарықтың жоқтығы. Бiз қараңғылықты емес, жарықты зерттеймiз. Нютонның призмасын пайдалану арқылы ақ жарықты әртүрлi түске бөлiп, әрбiр түстiң толқын ұзындығын анықтаймыз. Ал қараңғылықты сiз өлшей алмайсыз. Сiз кез-келген кеңiс-тiктiң қаншалықты қараңғы екенiн қалай бiлесiз? Солай емес пе..? Қараңғылық деген түсiнiктi адам жарықтың жоқтығын бiлдiру үшiн қолданады".
Сөзiнiң соңына қарай жас жiгiт профессорға: "Сэр, зұлымдық бар ма?" деп қайта сұрақ қойды. Профессор: "Бағана айттым ғой.Әрине, бар. Бiз оны күнде көремiз. Адамдардың қатыгездiгi, қылмыстың көптiгi мен әлемдегi зорлық-зомбылықтың барлығы осы зұлымдықтың көрiнiсi болып табылады" дейдi. Студент болса "Сэр, зұлымдық жоқ. Зұлымдық дегенiмiз Құдайсыздықтан туатын құбылыс. Ол да қараңғылық пен суық сияқты Құдайдың жоқтығын көрсету үшiн адамдардың ойлап тапқан сөзi",–деп жауап қайтарады. Мұндай мағыналы жауаптарға қарсы уәж айта алмаған профессор шарасыздықтан тiзе бүгiп отырып қалыпты. Ал профессормен сөз таластырып, оны жеңiп шыққан жас жiгiттiң аты Альберт Эйнштейн болатын.
Америкалық бiр журналист Эйнш-тейннен сұхбат алып жатып былай деп сұрайды: "Уақыт пен мәңгiлiктiң қандай айырмашылығы бар?. Эйнштейн оған: "Егер Менде осылардың айырмашылығын айтатын уақыт болса, сiз оны түсiнгенше мәңгiлiк өтер едi", – деп жауап берген екен.
Эйнштейн Чарли Чаплиннiң фильмдерiн сүйiп көретiн. Бiрде ол Чарли Чаплинге "Сiздiң "Алтын безгегi" фильмiңiздi бүкiл әлем түсiнедi. Болашақта сiздiң ұлы адам болатыныңызға кәмiл сенемiн! Эйнштейн." деп жазылған жеделхат жiбередi. Чаплин оған былай деп жауап қайтарыпты: "Мен Сiздi оданда қатты құрметтеймiн. Сiздiң салыстырмалылық теорияңызды ешкiм түсiнбейдi. Бiрақ сiз сонда да ұлы адам болдыңыз! Чаплин".
Жолымбет МӘКIШЕВ
08.09.2011 ж.