Қазақстан мен Түрікменстан ынтымақтастығы қарқын ала түсті – Тоқаев

/
Қазақстан мен Түрікменстан ынтымақтастығы қарқын ала түсті – Тоқаев

Ашхабад әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов аз-кем әңгімелесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түрікменстан ынтымақтастығы өркендеп, қарқын ала түскенін атап өтті.

– Құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич, Сізбен қасиетті түрікмен жерінде, бауырлас Түрікменстанда қайта жүздескеніме қуаныштымын. Шақыруыңызды шын ниетпен қабыл алдым. БҰҰ Бас хатшысының қатысуымен осындай форум өткізу – үлкен жетістік. Бұл 30 жылдан бері бейтарап саясат ұстанып келе жатқан Түрікменстанның халықаралық абырой-беделі жоғары екенін көрсетеді. Қазақстан аталған саясатты толығымен қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Халк Маслахатының төрағасы қазақ-түрікмен байланысының ерекше сипатына жоғары баға берді.

Мемлекет басшысы мен Халк Маслахатының төрағасы екі ел халқы достық пен тату көршілік қатынасты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары